Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Циклдік алгоритм. 8 - сынып
Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті,
Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектептің
І санатты информатика пәні мұғалімі
Ахметова Шаттық Өтешқалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер.
Сабақтың мақсаты:
Циклдік операторларды қайталау;
While, REPEAT – UNTIL, FOR – TO оператор түсініктерін енгізу. Айырмашылықтарын көрсету.
Оқушылар білуі тиіс: Қайталану операторларын қолдану ержелерін, қызметтерін, бір – бірінен айырмашылықтарын.
Оқушылар меңгеруі тиіс: ДК, проектор, экран, презентация.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген санға дейінгі жұп сандардың көбейтіндісін есептейтін бағдарлама құру.

Санның жұптығын бізге белгілі MOD функциясының көмегімен анықтаймыз.
Есепте Р = 1 деп аламыз, өйткені, Р – ол көбейтінді, егер 0 – ге тең болса, есептелетін көбейтіндіміз 0 – ге тең болып кете береді, ал кез келген санды 1 – ге көбейтсек, сол сан шығады.

Бағдарламасы:
program kobeit;
var P, I, n: integer;
begin
P:=1;
write ( ‘бүтін сан енгіз’ );
read ( n );
for i:=1 to n do
if i mod 2 = 0 then
begin
P:= p * 1;
end;
write ( ‘ P = ‘, P );
end.

IV. Білімді өзектендіру.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Есептерді шешуде біртипті әрекеттерді көп рет қайталау қажеттілігі жиі кездеседі. Бұл әрекеттерді анықтайтын параметрлердің мәндері әртүрлі болады. Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік, ал әрекеттердің көп рет қайталантын бірізділігі циклдер деп аталады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама