Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
16. Синонимдер
17. Синонимдік қатар
18. Антонимдер.
19. Жаттығулар орындау
20. Табу


№4 Сабақ үлгісі:

1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: І
5. Мұғалім:.
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4. Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.
1) Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек;
2) Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
3) Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.
Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін – бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: са, тағам, дәм, ауқат дегендер бір ғана синонимдес сөздер. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, беретін ұғымы - адам баласының жейтін қоректік заты.
Қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі. Мысалы:
- зат есімдерден болған синонимдер: өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай.
- сын есімдерден болған синонимдер: салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды;
- етістіктерден болған синонимдер: амандасу, сәлемдесу, есенлесу;
- үстеулерден болған синонимдер: тез, жылдам, шапшаң, лезде.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

№1
1. Сөйлемдегі синоним сөздерді тап.
Сенің топырағыңда қаншама дүр – дүр батыр, дүл - дүл ақын, майталман талант иелері туылмады дейсің.
№2
1. Синоним болатындай тіркестер құрап жаз.
Қырғи қабақ, Қас пен көздің арасында. Бетінен оты шықты. Тас жүрек.
2. Синоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір.

№3
1. Төмендегі мәтіннен синоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін құра.
Адамның асқан сұлулығы – оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
70 - жаттығу.
Төмендегі синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтаңдар.
71 – жаттығу
1. ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып, олардың орнын ауыстырып қолданыңдар.

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма:
1 Синоним туралы түсінік
2. Ар – намыс туралы білетін қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді жазу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама