Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Табиғат ерекшеліктері (жыл мезгілдері)
Тақырыбы: Табиғат ерекшеліктері (жыл мезгілдері)
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Тараулар: Экология негіздері
Мақсаты:
Білімділік: жыл мезгілдері туралы түсінік беру, оларды ажырата алуды үйрету
Дамытушылық: ойлау, есте сақатау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу, балалаларды патриоттыққа тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: шуақ, аяз
Әдіс – тәсілі: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреті

Танымды оятушылық
Шаттық шеңбері:
- Армысың алтын күн!
- Көгілдір көк аспан
- Амансың ба жер ана
- Амансың ба достарым!

Ұйымдастыру – іздестіру
- Балалар сендер таңертең балабақшаға келе жатқанда ауа – райын байқадыңдар ма, күн қандай екен?
- Күн салқын
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі

Жаңа сабақ
- Балалар жылдың төрт мезгілі бар. Сол төрт мезгілде табиғатта әртүрлі өзгерістер болып отырады. Әр мезгілде табиғаттың өзінше бір әдемілігі болады.
Қазір күз мезгілі, күзде жапырақтар сарғайып табиғат сары алтындай әдеміленеді. Күзде жеміс – жидектер пісіп жетіледі.
Күзден кейін қыс мезгілі келеді. Қыста күн аяздап, боран соғады, қар жауады.
Қыстан кейін көктем мезгілі келеді. Көктемде күн жылынып, қар ериді. Алғашқы гүлдер мен жапырақтар шығады. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.
Ал, көктемнен кейін жадырап жаз мезгілі келеді. Жазда күн ысып, шуағын шашады. Балалар суға түсіп, демалысқа шығады. Әртүрлі гүлдер өсіп шығады.

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Бетіме самал еседі
Кіп - кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі

Рефлексивті түзету
- Балалар жылдың неше мезгілі болады?
- Төрт (күз, қыс, көктем, жаз)
- Күзде жапырақтардың түсі қандай болып өзгереді?
- Сары
- Күзден кейін қай мезгіл?
- Қыс
- Қыстан кейін қай мезгіл?
- Көктем
- Көктемнен кейін қай мезгіл?
- Жаз

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: жылдың төрт мезгілін білу керек.
Болу керек: сабаққа қызығушылығы болуы керек.
Істей білу керек: сұраққа анық, әрі нақты жауап бере білу керек.

ШҚО, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Кіші кешен тәрбиешісі Төлеужанқызы Тоғыжан

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама