Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Табиғат және адам
Сабақтың тақырыбы: § 1. Табиғат және адам
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:
Оқытудың ұтымды әдісін оқушылардың тиянақты, терең білім алуына қалыптастыруға бағыттау керек.
2. Дамытушылық мақсаты:
Табиғат және физика құбылыстарымен таныстыру. Табиғат туралы ғылымдармен таныстыру
3. Тәрбиелік мақсаты:
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:
Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Әңгіме, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:
Плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
Білімді жан - жақты тексеру:

ІV. Дк. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физика нені зерттейтінімен таныстыру.

V. ДК. ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:
Физика нені зерттейді
Өздерің ашып отырған оқулық “Физика“ деп аталады. Бұл жаңа ғылымды сендер мектепті бітіргенше оқып игересіңдер. Физикамен таныстық мектепте аяқталмайды. Ғалым - физиктерді дайындайтын арнайы институттар бар. Бірақ физика тек ғалымдарға ғана емес, ол барлығымызға: жұмысшыларға, дәрігерлерге, инженерлерге, конструкторларға да керек. Физика ілімі адамды аса ақылды және күшті етеді, ол табиғат апатының алдында әлсіз болмауға үйретеді, өзің өмір сүріп отырған әлемді таныта бастайды. Тек физиканы біле отырып, үйлерді, зауыттарды, машиналарды, электр станцияларын жобалауға болады. Радиоқабылдағышты, автомобильді, ғарыштық аппараттарды, тіпті киімдер мен қоректік азық - түлікті дайындау үшін де физиканы білу керек. Мысалы, физиктер жарықтың ауа мен шыныда қалай тарайтынын оқып үйренгендіктен ғана көзәйнектер, телескоптар, фотоаппараттар мен бейнекамераларды жасау мүмкін болды. Кемелерді, ұшақтарды, ауа шарларын құрастыру мен жасау сұйықтықтар мен газдарды және оларда қозғалатын денелер бағынатын заңдылықтарды білуге негізделген. Физика ілімінсіз сағатты да, телефонды да, шаңсорғышты да, теледидарды да жасауға болмас еді, сондай - ақ асты дайындауға және сақтауға, бөлмені тазалауға, әуенді тыңдауға және т. б. көмектесетін көптеген пайдалы заттардан құралақан болар едік.

Физика нені зерттейді?
Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Физикалық құбылыстарға жататындар:
1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);
2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т. б.);

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама