Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Дәрумендер тұрағы - түрлі тағам құрамы
Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер тұрағы,
Түрлі тағам құрамы.
Сабақтың мақсаты: салауатты өмір салтын сақтаудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын және қажеттілігін білу. Дәрумендердің адам денсаулығы үшін қандай пайдасы бар екенін үйрету.
Тазалыққа, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Көрнекілігі: көкөністер мен жемістер муляжы, суреттер

Сабақтың барысы: салауатты өмір салтын сақтау үшін дұрыс тамақтанудың қажеттілігі зор. Адам өміріндегі дұрыс тамақтану компоненті - дәрумендер. «Ас адамның арқауы» дегендей бүгінгі сабақта біздер дәрумендер және олардың адам денсаулығы үшін маңызы туралы айтамыз.
Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып 4 топқа бөлінген. Топтардың жұмыстарын әдәл қазылар бағалайды. Әділ қазылармен таныс болыңыздар.

1 - бөлім. Таныстыру. 2 минут ішінде топтың атын ойлап табу, оны қорғау.(3ұпай)

2 - бөлім. Викторина (5ұпай)
1. Дәруменді тап:
А) Көздің қөруін жақсартады. Бойдың өсуіне пайдасы бар. Ағзаның ауруларға қарсы тұра білуін күшейтеді. Теріні жұмсартып, жақсартады. Бұл қай дәрумен?(жауабы А)
Ә) Адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы тұра білуін күшейтеді. Адам энергиясын реттеп тұратын, қантамырларды жақсартатын, жараның тез кетуіне, тіс пен сүйектің мықты болуына көмектесетін дәруменді тап: (С дәрумені)
Б) Бұл дәрумен майлларда тез ериді. Ішек пен асқазандағы минералдарды, яғни тұздарды өңдеп, реттеп отырады. Ағзаның өсуі мен дамуын, әсіресе балалардың сүйектері мен тістерінің қатайып өсуі үшін керек дәруменді ата (Д дәрумені)
В) Жүрек қантамырлары ауруларына, ісік ауруларға қарсы күші бар. Асты жақсы сіңіреді. Ортаға бейімделу қабілетін күшейтеді, қарта юды жайлатады. Бұл қай дәрумен? (Е дәрумені)

3 - бөлім. Тағам құрамындағы дәруменді тап:
1. Апельсин, қызыл бұрыш, қызанақ, орамжапырақ, жасыл пиязда қай дәрумен кездеседі? (С дәрумені)
2. Нан, салат, сәбіз, картоп, ашытқыдағы дәруменді ата?(В дәрумені)
3. Жұмыртқаның сары уызы, күнбағыс майы, сиырдың бауыры, арахисте көп кездесетін дәрумен? (Е дәрумені)
4. Сәбіз, сары май, сүт, жұмыртқа, балықтың майы, бұршақта қай дәрумен көп кездеседі? (А дәрумені)

4 - бөлім. Дұрысын таңда.
1. Қандай тағамда барлық дәрумен кездеседі?
А) нанда ә) бауырда б) орамжапырақта в) сүтте
2. Адам денесіне күн сәулесінен пайда болатын қай дәрумен?
А) А
ә) Е
б) Д+
в) В
3. Қай дәрумен суда тез ериді?
А) В +
ә) Д
б) А
в) К
4. С дәрумені сақталып қалу үшін картопты қалай пісірген дұрыс?
А) Қайнату+
ә) қуыру
б) қабығымен отқа пісіру

5 - бөлім. Дәруменді салат жасау

6 - бөлім. Өзің ұнататын тағамның суретін сал

7 - бөлім. Көшбасшылар сайысы. Жемістің иісіне қарай, көзді байлап қойып, атын табу
Қорытынды: Балалардың ұпайларының қорытындысын анықтау. Жемістер туралы тақпақтар айту.
- Балалар, күнделікті асымыздың құрамында адам ағзасына пайдалы көкөністер мен жемістер және дәрумені мол тағамдар болғаны жөн.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама