Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
7. 3. 4. 1 - рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу
7. 3. 4. 2 -«антацидтік заттарды» қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Табиғи қышқылдар мен сілтілер туралы түсінік береді. Индикаторларды ажырата алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды. Қышқылдардың бейтараптау реакциясын біледі.
Кейбір оқушылар: Химиялық индикаторлардың әртүрлі түстерінің өзгеруіне нақты мысалдар келтіреді. Қышқылдардың қолдану аясын, қышқыл және сілті ерітінділерімен жұмыс жасау ережелерін біледі.
Бағалау критерилері:
Табиғи қышқылдар мен сілтілерді атайды және олардың қасиеттерін біледі. Әмбебап индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды.

Тілдік мақсат:
- оқушылар индикатор көмегімен қышқыл, сілтілерді ажыратып бере алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қышқыл, сілті, индикатор, лакмус, метилоранж, фенолфталеин
Сыныптағы диалог::
• Қышқылдар мен сілтілер туралы не білеміз?
• Индикаторлардың қандай түрлері бар?
• Индикаторлардың аттарын ата?
• Қышқылға лакмус құйғанда қандай түске өзгереді?
• Фенолфталеиннің бейтарап ортадағы түсі қандай?

Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин)
Өткен тақырыпты қайталау (13 минут)
Жағымды ахуал қалыптастыру.
«Жақыныңа тілек айт» әдісі арқылы оқушылардың бір - біріне деген жақсы лебіздерін тыңдау арқылы назарын сабаққа аудару (2 минут)

«Серпілген сауал» әдісі арқылы балалар бір - біріне үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қояды (3 минут)

Оңайдан қиынға «Баспалдақ әдісі» (слайдта әзірленген тапсырманы әр бала жеке орындайды, уақыт өткен соң қай баспалдақта екендігін жазылған санды жоғары көтереді, ең артта қалған баспалдақтағы оқушыға сыныптастары көмек көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді) 5 минут

Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі
Әр оқушы қызыл, көк, сары түске боялған қиындыларды таңдап алады. Түсіне қарай 3 топ болып отырады. Осы бойынша 3 топқа бөлінеді 1 - топ «Қышқылдар», 2 - топ «Негіздер», 3 - топ «Бейтарап». (1 минут).

Венн диаграммасы (Ой - толғаныс әдісімен жаңа тақырыпты ашу)(4 минут)

Сонымен балалар түзілген қосылыстар олар қышқыл және негіз. Яғни бүгінгі тақырыбымыз «Қышқылдар және негіздер»
Бүгінгі жаңа сабақ тәсілі Зерттеу тәсілі болғандықтан осы бейорганикалық қосылыстардың үлкен класстарын Қышқыл мен Негіздердің ортасын индикаторлармен зерттейміз.

Ортасы 10 минут

Жаңа сабақ дескрипторымен таныс болайық:
1) Табиғи қышқылдар мен сілтілер туралы түсінік береді – 1 балл
2) Индикаторларды ажырата алады - 1 балл
3) Индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды - 2 балл
4) Қышқылдардың бейтараптау реакциясын біледі – 2 балл
5) Химиялық индикаторлардың әртүрлі түстерінің өзгеруіне нақты мысалдар келтіреді - 2 балл
6) Қышқылдардың қолдану аясын біледі - 1 балл
7) Қышқыл және сілті ерітінділерімен жұмыс жасау ережелерін біледі - 1балл
(дескриптор оқушылардың алдына қойылады)
Жаңа сабақ.
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.
№7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау»
№8 зертханалық тәжірибе «Бейтараптану реакциясы»

Қауіпсіздік ережелерін белгілері арқылы қышқылдармен, негіздермен қалай жұмыс жасау керектігі еске түсіріп өтіледі.
№7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау»
Төмендегі заттардың рН анықтап үш топқа бөліп, постерге жаз: алма, лимон, апельсин, сабын суы, сода, жұмыртқа, сүт, балаларға қолданатын су сабын, сірке суы, қазан жуғыш құрал, ағартқыш, қызанақ, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, су.
Әр топ постерді қорғайды (6 минут)
5 - минут жұмыстың орындалуына беріледі
1 - минуттан үш топқа қорғауға беріледі.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Достық ауылы,
Алтынбике Бертаева атындағы орта мектебі
Мұғалімнің есімі: Бокашева Назымгул Сериковна

Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар. жүктеу
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама