Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Тақырыбы: «Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!»

Мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: Әлияның суреті, «Әлия» музейінен суреттер, жұлдыз, нақыл сөздер, шарлар, шырақтар

Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Соғыс жылдарында қазақтың қас батыр атанған Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Т. Бегелдинов, Тоқтаров, Р. Қошқарбаев, Әди Шәріпов, шығыстың қос шынары ХХ ғасырдың арулары атағы берілген аяулы - Мәншүк, Әлия десек, бұл батырлардың шығуы кездейсоқ құбылыс емес.
Қазақтың ер жүрек, батыр да, мерген қызы – Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл толғанына арналған сыныбымыздағы «Әлияның ерлігі – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Батырларға басымды иіп бір минут,
Еске алайық сол бір апат қайғыны. (1 минут үнсіздік)
Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова

1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында Нұрмұхамед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген. Сегіз жасында анасы қайтыс болған Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы алып кетеді. Ал 1935 жылдан бастап Ресейдің Ленинград қаласы Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленеді. Ленинградтағы №9 орта мектепте білім алады. Соғыс басталған жылы балалар үйі Ярославь облысының Вятское селосына аударылып көшіріледі. Әлия осындағы Вятское орта мектебінің 7 - сыныбын аяқтаған соң Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түседі. Алайда 1942 жылы Жұмысшы - шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы мергендер даярлау жөніндегі Орталық әйелдер мектебін аяқтап, осы жылдан бастап 54 - арнайы атқыштар бригадасы 4 - батальонының мергені болады.

Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран! жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама