Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Татулығы жарасқан ұлттар
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Татулығы жарасқан ұлттар
Сабақтың мақсаты: Ұлттар достығы бір мемлекетте 106 ұлт өкілдерін бар екенін, олардың бір мемлекетте бір - бірімен тату, бейбіт өмір сүріп жатқанын түсіндіру.
Міндеттері: Қазақстан Республикасындағы халықтар достығы мен принциптерін білу. Көп ұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.
Қазақ халқының салт - дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы мәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ой бөлісу. Танымдық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым - қатынас пен келісімде өмір сүре білуге тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, тапсырмалар, оқулық., интерактивтік тақта,
Сабақтың түрі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап,, іздену, топпен жұмыс,

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық.
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.
Біз Отанның гүліміз,
Біз Отанның күніміз.
Ертеңгі күн біздермен
Көркейеді өседі.
Білімді ұрпақ болуға
Ант етеміз біздерде.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Егеменді еркін ел» тақырыбына
1 - қатар – эссе жазу
2 - қатар – сурет салу
3 - қатар - өлең шығару.

Қорытындылау.
1. Қ. Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды?
2. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
3. Тәуелсіздік алуға қандай оқиғалар себеп болды?
4. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
5. Ұлттар тату, бейбіт өмір сүру үшін қандай қасиеттер керек?
Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері бейбіт, жарасымды өмір сүру үшін ынтымақ, татулық, сыйластық, құрмет, достық қажет екен.
Ынтымақ бар жерде бақыт бар демекші. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Татулығы жарасқан ұлттар
Келесі мынау біздің Қазақстанның картасы. Оқушы шығып көрсетеді. Бізбен көрші жатқан мемлекеттер.
Ендеше әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратыны бізге мәлім. Яғни, ұлттық музыкасы да, болады екен. Өзге ұлт өкілдерінің киімдерінен анықтап көрейік?

Ой жинақтау.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. Мәтінді оқи отырып түсіндіру.
Жақсы олай болса серігу сәті.
Мәтінді оқушыларға оқыту.
Рефлекция бөлімі
Яғни бұл бөлімде мына шаңырақта сұрақтараға жауап беру арқылы ұлт өкілдерін шаңырақ астына қою.

Дәптермен жұмыс.
Қ. Р. конституциясының 14 бабын жаздыру.
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды

Қорытынды..
1. Қ. Р. қандай ұлт өкілдері тұрады?
2. Түрлі ұлт өкілдерінің татулығы не үшін керек?
3. Қазақстан халқы ассамблеясы қашан құрылды?
4. Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінен қай ұлттың орны ерекше?
5. Олар қай кезден бастап Қазақстанға келіп орналаса бастады?
Достығы жарасқан
Халықпыз көп ұлтты.
Сыйласып, сырласқан
Сыныппыз тәртіпті.
Сабаққа қатысқан
Сіздерге ұстаздар
Көп - көп рахмет демекпіз.

Бағалау.
Үйге тапсырма: 169 - 171 бет әңгімелеу.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі
Кутешова Жадыра Серикалиевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама