Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тәуелдік жалғау. Оңаша және ортақ тәуелдеулер
Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғау. Оңаша және ортақ тәуелдеулер
Жалпы мақсаты:
Оңаша және ортақ тәуелдеу жалғауларының түрлі сипатын ажыратуға үйрену.
Оқу нәтижесі:
Тәуелдей алады, жаңа пікір ұсына алады. Мысалдар келтіре алады, тәуелдеуді түрлендіре алады, жалғауларын өзара салыстыра алады.
Міндеттер: Алған білімін өмірде пайдалану, өздігінен шешім қабылдай отырып жұмыс істеуге, тапсырманы ұқыпты орындай білу: өз бетінше іздене білу.
Модуль: Білім беруде АКТ - ны пайдалану, « Білім берудегі басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».
Қолданылатын әдіс – тәсілдер мен стратегиялар: Сергіту сәті, «Қозғалмаңыз, қатып қалыңыз» стратегиясы, «Ой шақыру» стратегиясы, «Болжау» стратегиясы, Жұптасып суреттеу стратегиясы, «Ойлан, Бірік, Бөліс» стратегиясы, Семантикалық карта, Кубизм әдісі, Рефлексия: Өзін - өзі бағалау,«Торкөзді талқылау»тәсілі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Кіріспе бөлім. 5 минут Көңіл күй ахуалы тренинг «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі»
Ойын ережесі: Шеңбердегі қатысушылар өздерінің жағымсыз қасиеттерін атайды. Сосын қағазға салып, оны лақтырады.

Біз билейміз тратата, тратата
Біздің биіміз ляпота, ляпота.
Менің құлағым әдемі,
Ал көршімнің құлағы одан да әдемі.
Біз билейміз тратата, тратата.
Біздің биіміз ляпота, ляпота.
Менің мойным әдемі,
Ал көршімдікі одан да әдемі.
Иық, шынтақ, қол, аяқ.
Ал, балалар, көңіл күй қандай, көтеріңкі ме? Ал ендеше сабағымызды бастайық, еріншек мінезді тастайық, бір - бірімізге демеу болып, арадағы сыйластықты сақтайық,

ІІ. Бүгінгі топқа бөліну біздің оқудан кейінгі каникул, яғни демалыс мерзімдеріне байланысты. Біздер жыл мезгілдерінің қай кезеңінде каникулға шығамыз? Иә, дұрыс айтасыздар:

1. ІІІ. Өткен сабақты қайталау. 7 минут.
«Қозғалмаңыз, қатып қалыңыз» стратегиясын қолдану (шеңбер бойымен айналып жүріп «Қозғалмаңыз қатып қалыңыз» дегенде ішкі шеңбер оқушылары сыртқы шеңбер оқушыларына сұрақ қояды, сыртқы шеңбер оқушылары жауап береді, шеңберлер бір - бір біріне сұрақ беріп, жауап алып отырады.

IV. Ой шақыру: 5 минут 1. Иелік ету сөздің синонимін табу. Меншіктеу, тәуелдеу, иелену, жекеменшіктеу, өзіне алу т. с. с
Осы сөздердің ішінде жалғаудың түріне қатысты сөз бар?
Тәуелдік жалғау
Слайдтармен жұмыс
1. Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
2. Бірдің тәжірибесі - көптің игілігі.
Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер. деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады

V. Мағынаны тану. 5 минут. Тақтада: слайдтар: Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер.

Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғау: оңаша және ортақ тәуелдеу
Жекеше түрі ---------------------------------------- көпше
І жақ - м,- ым,- ім Менің добым, ------------------доптарым
ІІ жақ - ң,- ың, - ің Сенің добың, ----------------доптарың
- ыңыз,- іңіз Сіздің добыңыз, --------------------доптарыңыз
- ңыз, - ңіз
ІІІ жақ - сы, - сі, - ы, - і Оның добы,----------- доптары

Ортақ ------------------------------- жекеше ------------------- көпше
І жақ - мыз, - ымыз, -------------- Біздің кемеміз,------------ Біздердің кемелеріміз
- міз, - іміз
ІІ жақ - ың, - ің, ------------------ Сендердің кемең, --------- кемелерің
- дарың,- дерің,
- ларың, - лерің,
- тарыңыз, - теріңіз,
- дарыңыз, - деріңіз,
- ларыңыз, - леріңіз -------------- Сіздердің кемеңіз, --------- кемелеріңіз
ІІІ жақ - сы, - сі, - ы, - і --------- Олардың кемесі, ------------ кемелері

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама