Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Зат есімнің септелуі. Жай септеу мен тәуелді септеу
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі. Жай септеу мен тәуелді септеу
Жалпы мақсаты: Зат есімнің септік жалғауларын қолдануды үйрену, жай септеу мен тәуелді септеудің айырмашылығын таныту
Оқу нәтижесі:
Септік жалғауларының семантикалық сипатын анықтайды, арнайы тапсырмалар нәтижесінде сөздерге жалғауларды дұрыс жалғайды. жай сертеу мен тәуелді септеуді біледі, бір - бірінен айыра біледі.

Міндеттер: Алған білімін өмірде пайдалану, өздігінен шешім қабылдай отырып жұмыс істеуге, тапсырманы ұқыпты орындай білу: өз бетінше іздене білу.
Модуль: Білім беруде АКТ - ны пайдалану, « Білім берудегі басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».
Қолданылатын әдіс – тәсілдер мен стратегиялар: «Карта ойыны» стратегиясы, «Ала доп» стратегиясы, «Сәйкестендіру» әдісі, «Ойлан, Бірік, Бөліс» стратегиясы, Сергіту сәті, топты, өзін - өзі бағалау кестесі (балдық жүйемен)
Рефлексия «Бір сөзбен айтқанда»тәсілі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Кіріспе бөлім. 5 минут Көңіл күй ахуалы а) « Өзін таныстыру» тренингі Менің атым — Ережеп, Мен – елгезекпін, Ережеп - елгезек, Диана – дарынды т. с. с;
ә) Музыкалық ырғақты сергіту сәті. Билеу;
ІІ. 3 түрлі конфеттің көмегі арқылы топқа бөлу;,
ІІІ. Тұсаукесер бөлімі. 5 минут. «Карта ойнау» әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталау
«Менің сүйікті мектебім» атты эссені тыңдау

Мұғалім іс - әрекеті
IV. Миға шабуыл. 5. Слайдпен жұмыс:
1. Септік жалғаулары
♦ Атау: арнайы жалғауы жоқ;
♦ Ілік: - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
♦ Барыс: - ға, - ге, - қа, - ке, - а, - е, - на, - не
♦ Табыс: - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті, - н
♦ Жатыс: - да, - де, - та, - те, - нда, - нде
♦ Шығыс: - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
♦ Көмектес: - мен, - бен, - пен

V. Мағынаны тану. Топпен жұмыс
2. Жай септеу мен Тәуелді септеудің ара қатынасын танытуға арналған кестемен жұмыс

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама