Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым
Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым

Хронометраж: 45 минут
Флешмоб
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және де қадірменді кешіміздің сыйлы қонақтары! Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күнімен ұштастыра бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты мерекелік кешіміз ашық деп жарияланады.
ҚР Әнұраны
1 - жүргізуші:
Бүгін біздің мектебімізде, тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Жас Ұлан ұйымының құрамына оқушыларымыз қабылданады. Ендеше, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатын бастаймыз.

2 - жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды ортаға шақырамыз:
Нұрғали Арайлым
1 - жүргізуші: Ермекова Аруна
2 - жүргізуші:

(Өздері тақпақтарын айтады)

2 - жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
(«Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата - анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук тарын табыстау рәсіміне шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ерекше құрметпен алғашқы құттықтау сөз кезегін аяулы мектебіміздің директоры Ахметов Берік Тұрғынұлына беріледі.

1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!- деп, дүбірлі кешіміздің ақ домбыраның үнімен бастасақ. Ендеше алдарыңызда өнер көрсететін Нурикамал Бекшенованы ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!!!

2 - жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ортада Нұрғали Арайлым

1 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Ортада Рахметалина Томирис

2 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

Орындайтын: 9сынып қыздары

1 - жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Ортада Ақниет Төремұрат

2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Ортада 2 сынып қыздары

1 - жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Ортада Бекшенова Нурикамал
Келесі Ашымханова Ұлбану

2 - жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Ортада Нәби Асыл
Дариға би
2 - жүргізуші:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ортада Ақниет

(соңғы әнде концертке қатысқан оқушылар сахна төріне қолдарына шар мен жалаушаларды ұстап шығады)

1 - жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

2 - жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше туымыз көкте қалықтап, күніміз нұрлана түссін, ағайын!!!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама