Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихын, ата - баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, Тәуелсіздіктен бергі 25 жыл ішіндегі Қазақстан жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
- Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу;
- Қазақстан мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу;
- танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайд, үнтаспа, қима қағаздар, суреттер.
Жұбан Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі.- деген екен.
Сабақтың барысы: - Балалар бізге қандай мейрам жақындап қалды? ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
Ендеше, Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ата - бабаларымыз тәуелсіздікті үш ғасырға жуық уақыт бойы армандап кеткен. Тәуелсіздікке жету үшін халқымыздың басынан не өтпеді. Қаншама ерлеріміз халық қамы үшін қан кешіп құрбан болған. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашанда мойымады, күресе білді. Азаттық таңы ерте ме - кеш пе туатынына кәміл сенді. Енді осы тәуелсіздік бізге қалай келді, тәуелсіздігімізді алғанға дейінгі кезеңді бір сәт үзінділермен еске түсіре кетейік.
Тарих қойнауынан слайд. Өздерің естіп отырғандай қаншама қазақтың қаны төгілді. Міне осындай тәуелсіз, азат өмір сүру үшін қаншама қиындықтар көрді.
Қиын – қыстау заманнан көрініс. Оқушылардың дайындаған көрінісінен үзінді.
Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық, Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді. Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойымаған. Тәуелсіздік таңы атып, еліміздің қанаты жайылды, төбемізде туымыз желбіреп, өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды. Ордабасы - Астана бой көтерді.
Тәуелсіздікке байланысты оқушылардың шығарған өлеңдерін тыңдау.
Ең алғаш Тәуелсіздікті алған жылы елімізде мына тал секілді жер қойнауынан басқа Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымызда, заңымызда жоқ еді. Ата - бабамыздың сан ғасырлық арманына қол жеткізген тәуелсіздік таңын 25 жылда қандай өзгерістер болғанын айта отырып, 1991 - 2016 жылдар аралығын таразыласақ.
1991 - 2016 аралығынан жылдар слайд.
Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі жыл. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 25 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 25 жыл, ұлы мерекеміз құтты болсын! ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдық шежіресіне ой жіберейік.

Міне, балалар талымыз бастапқыдай емес жайқалып шыға келді. Бұл тал секілді біздің елімізде көркейіп, сұлуланып, дамып келе жатыр.
Тәуелсіздігімізді алғалы осыншама жетістікке жеткеніміздің бірден – бір айғағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен жолдамалары.
Елбасының биылғы жылғы тағы бір ерен жеңісі, Қазақстанның кезекті биік белесі: Астананың ЕХРО - 17 халықаралық көрмесін өткізуге дайындығы. Бұл дүниежүзілік көрме өткізу арқылы еліміздің беделін тағы бір рет барша әлемге танытатын боламыз. Астана тағы да әлемнің 160 мемлекетінің бір ауызды ықыласты қолдауына ие болды. Батыс пен шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған ару Астана өзінің тарих сахнасында салтанат құрған осы бір 25 жыл ғұмырының ішінде талай - талай аламан бәйгелерге ат қосып, талай жаһандық биіктерді бағындырды. Әлем жұрты дәл қазір Қазақстан десе – Астана, Астана десе – Назарбаев дейтін болды. Астана – бүкіл Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі. Алғашқы күннен мемлекеттік құрылымның керуен көшін түзу жолға салған президенттің көрегендігі елдік тұғырымызды шайқамай, өркендеудің озық үлгісі негізінде бүгінгі күнге жеткізді. Дүниежүзі Қазақстанды білді.
Мемлекетімізді көркейту үшін “біз кімбіз” және қандай үлес қосамыз?
- Тәртібіміз бен, сапалы біліміміз бен үлес қосамыз;
- Озық технологиялармен жабдықталған мектепке қол жеткізген ұрпақтармыз;
- Интернет жүйесіне қосылуға мүмкіндік алған, білімге құштар оқушылармыз;
- Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор оқушымыз;
- Үш тілді жетік меңгеруге ұмтылған ұрпақтармыз;
- Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау оқушылармыз;
- Біз Тәуелсіздік тірегіміз.
«Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбына постер жасап, қорғау І топ. ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 1991 - 2016жылдараралығы жеткен жетістіктеріміз туралы.(Әр оқушы қолдарына жылдарды ұстап тұрып сол жылы қандай оқиға болғанын айтып береді)

- 1991ж Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын!
Егемен тәуелсіздігің жасасын!
- 1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ - на мүше болып кірді.
- 1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
- 1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. ТалғатМұсабаев Союз - ТМ 6 ғарыш кемесі мен көкке самғады.
- 1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
- 1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті.
- 1997жылы «Қуғын - сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды.
- 1998жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
- 1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
- 2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды.
- 2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл толды.
- 2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
- 2003 - 2005 жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды.
- 2004 жылы «Қазақстан - Ресей» жылы болды.
- 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
- 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл толды.
- 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
- 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н. Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
- 2009 жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.
- 2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым – Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті.
VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32 алтын, 21күміс, 17 қола барлығы 70 медальға ие болды. Оның бойтұмары «ақбарыс» еді.
- 2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі 2012 жылғы жетістіктеріміз де өте көп. Соның бірі Лондонда өткен олимпияда ойындары. Лондон олимпиадасында 13 медальға қолжеткіздік. Әлемнің мемлекеттерінің ішінен 12 орынға ие болдық. Елімізге спортшыларымыз 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді қанжығамызға әкеп салды. Қазақстан жалпы командалық есепте 12 орыннан көрініп, Жапония, Франция, Германия, Италия, Венгрия сынды алпауыттардың қатарынан бой көрсетті. Дүние жүзінің 200 - ге жуық мемлекетін артта қалдырып, үлкен жетістік пен жеңіске жетті. 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. 2016 жыл Тәуелсіздікке 25 жыл. EXPO - 2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.
ІІ топ. 1991 - 2016 жылдар аралығы еңбек сіңірген Ұлы тұлғалар туралы. ҚР - ның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев. ҚР - ның бірінші ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров 02. 10. 1991 ж.) ҚР - ның екінші ғарышкері (Талғат Мұсабаев 1994 ж. шілдеде) Семей полигонын жабу туралы мәселені көтерген қайраткер. (Олжас Сүлейменов) 2012 жылғы жетістіктеріміз де өте көп.

І топ. «Тәуелсіздік», «Қазақстан» тақырыбына бес жолды өлең 1.«Тәуелсіздік» 1. Тәуелсіздік 2. Қасиетті, құдіретті, бағалы. 3. Қол жетті, мұра болды. 4.»Тәуелсіздік - тұғырым» 5. Егемендік. 2. «Қазақстан» 1. Қазақстан 2. Тәуелсіз, бай 3. Өсті, өркендеді, дамыды. 4. Қазақстан - менің Отаным
5. Мемлекет. ІІ топ. Қиял - эссе оқылады.
«Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасау тақырыбына эссе жазу (қорғау) Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? Біздің жас мемлекетіміз өсіп - өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар.

Қорытынды
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыз айтқандай келешекте сендерде мемлекетімізге пайдасы тиетін азамат болатындарыңа сенемін.

Хор. «Батырлар жыры»
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім.
Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын! – дей отырып сабағымызды аяқтаймын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№32 В. Маяковский атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі: Нілдібаева Жазира Қадырбекқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама