Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Теңдеуді шешудің әр түрлі тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешудің әр түрлі тәсілдері
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Мемлекеттік білім стандартты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру, теңдеу ерекшеліктерін түсіну және білімдерін тереңдете түсу.
Дамытушылық: Салыстыру дағдысын, қорытынды жасай білу, негізгі ойды ажырата білу, өз пікірін қысқаша жеткізуді дамыту;
Тәрбиелік: Сыныптастарын сыйлай білуге, айналасындағыларды тыңдай білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер:, сын тұрғысынан оқу және жазу, көрнекілік, топтау
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тұсаукесер,
Сабақ барысы: І. Қызығушылықты ояту
Санды өрнек пен теңдеуді салыстырыңыздар: 20+50=70 х+50=70

ІІ. Мағынаны тану Бірлесе іздеп, талқылау
1. Жұмбақ шешу: «Ойлан, тап!»:
А) 5*4=20 және 4*5=20 Қандай қорытынды жасауға болады?
Ә) (3*2)*4=6*4=24 3*(2*4)=3*8=24 Қандай қорытынды жасауға болады?
Б) (2+4)*2=6*2=12 және 2*2+4*2=4+8=12 Қандай қорытынды жасауға болады?

1. Үй тапсырмасын тексеру.

2. «Білгенге маржан»: 1. Фигураның ауданын қалай табамыз?
2 Фигураның периметрін қалай табамыз?
2 Фигураның көлемін қалай табамыз?
3 Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті қандай?
4 Көбейтудің терімділік қасиетін ата.
5 Көбейтудің үлестірімділік қасиетін ата.

4. Көркем жазу: 6 саны
5. Математикалық диктант. 1. 9 бен 6 сандарының көбейтіндісі; (54)
2. 4 - ті 6 есе арттыру; (24)
3. Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағат? (8сағ)
4 Саяхат 5 тамызда басталып 25 тамызда аяқталды. Саяхат неше күнге созылды? (20күн)
513м - де неше см бар?(1300см)

6. Топтық жұмыс: 1-топ. х*4=80
2-топ. 10*х=90
3-топ. Х*5=100

Атырау облысы, Жылыой ауданы
Тұрғызба ауылы №4 мектеп
бастауыш пәні мұғалімі
Байсеуова Жанаргүл Таңжарқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама