Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Тығыздықты есептеу
Қысқа мерзімді жоспар
Физика 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Тығыздықты есептеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану.
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі: 1. Өлшем бірліктерді ХБЖ – не келтіре отырып заттың тығыздығына берілген есептерді есептей алады.
2. Тығыздықтың формуласын пайдалана отырып дененің массасы мен көлемін анықтауда есептеулер жүргізе алады.
3. Эксперминттік тапсырма арқылы заттың тығыздықтарын анықтайды, дәлелдей алады.
Тілдік мақсаттар: Диалогтар мен сөздік тіркестер
Тығыздық, масса, көлем, дене, өлшеу терминдері мен ауызша жазбаша жұмыс жасатамын.
Құндылықтарды дарыту: Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарауға тәрбиелеу
Пән аралық байланыс: Математика

Сабақ басы
Сәлемдесу, түгендеу
Ынтымақтастық атмосферасы мен көтеріңкі көңіл күй: «Сабаққа жақсы тілектер айту»
Әр түрлі түстермен бес топқа бөлу.
Әр топ өз топ басшысын анықтайды. Топ ережесін қайталайды. Бағалау парақтарын тарату.

Үй жұмысы:
«Сиқырлы ұяшықтар» әдісі бойынша сұрақтар
«Сиқырлы ұяшықтар». Әр топ презентацияда берілген ұяшықтарды ашып сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа ұпай беріледі.
1. Масса дегеніміз не? ХБЖ өлшем бірлігі?
2. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
3. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады? формуласы
4. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
5. Заттың тығыздығы орысша, ағылшынша қалай айтылады?
6. Пішіні дұрыс денелердің көлемін қалай анықтаймыз?
7. Пішіні бұрыс денелердің көлемін қалай анықтаймыз?
8. Заттың тығыздығы мен массасы белгілі болса, онда көлемін қалай есептеуге болады?
9. Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не?
10. Заттың көлемі мен тығыздығы белгілі болса, массасын қалай табамыз?

Мектеп: «№ 11 ЖОББМ» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Балтиева Ш. Д.
Тығыздықты есептеу жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама