Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тақырыбы: Тіл тағдыры – ел тағдыры

Мақсаты: Ана тілінің қадір - қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Ұлы ақы - жазушылардың сөзін түсіне білу, алған
білімдерін дамыту. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, мақал - мәтелдерді тиімді пайдалануға, өз Отанын қорғай білуге баулу.
Түрі: треннинг
Көрнекілігі: нақыл сөздер

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды жебе тастау арқылы төрт топқа бөліп отырғызамыз.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты треннинг сайысымызға қош келдіңіздер!
- Тіл – қоғамдағы қарым - қатынас құралы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Ж. Аймауытов: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – жүректің сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, сақтап отырған қазына» деген. Міне, осыдан дана аталарымыздың сөздеріне терең түсіністікпен қарай отырып, сайысымызды бастаймыз. сайыс шартымен таныстыру.
Аялдамаға тез жетіп, тапсырманы орындау керек. Ең жоғарғы ұпай саны 5 балмен есептеледі. Ұпай саны жоғары болып жеткен топ марапатталады.

Өтілу барысы:
І. «Сырлары көп білімнің» аялдамасы
«Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын,
Сұраса жауабың да қысқа болсын»

Ж. Баласағұни
Тапсырма: І топқа:
1. Абай білім алған медресе қалай аталады?
2. Қазақ тілінде неше септік бар, атап шық?
3. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
4. Белгілі бір құбылыс, оқиға жөнінде хабарлайтын мәтін түрі?
ІІ топқа:
1. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата?
2. «Ойлан» сөзінің түбірі қандай?
3. Қ. Р. Мемлекеттік тілі қай тіл?
4. «Ата» сөзін септе
ІІІ топқа:
1. Абайдың қанша қара сөзі бар?
2. Қ. Р. нышандарын ата
3. Айтыстың түрлерін ата
4. Жеті санының ұғымдарын ата
ІV топқа:
1. Сөз таптарын ата
2. «Әдемі» сөзіне синонимдік қатар құрау
3. Тіл туралы 5 мақал - мәтел айт
4. Тіл туралы өлең жолын оқы

ІІ. «Сүйемін туған тілді...» аялдамасы
4 топқа тапсырма: Тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу.

ІІІ. «Атаның сөзі - ақылдың көзі» аялдамасы.
Сөз - өмірдің салмақты түйіні,
Әрбір сөзде жатыр маржан бұйығып.
Ә. Жәми

Тапсырма: Тіл туралы мақал - мәтел жатқа айту.
(Уақыт беріледі)
ІV. «Сөз мәйегі» аялдамасы.
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы - ой» ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»
Ғ. Мұстафин
Тапсырма: Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөз шығару керек. (Әр топқа 3 сөзден беріледі).
І топ:
П. Қ. И. Ұ. Я (құпия)
Ш. Қ. О. Ы. Т. Қ. Л. (тоқшылық)
М. Н. А. Ы. Д. И. Қ. Л. (имандылық)
ІІ топ:
А. І. А. Т. Н. І. Л. Н. (ана тілін)
І. Б. У. Л (БІЛУ)
М. З. П. Ы. Р. Ы. А. (парызым)
ІІІ топ:
Ө. К. Н. Р. Й. Е. К. Е. Т. І. М. (көркейтемін)
Л. Т. І. (ТІЛ)
А. Б. Й. Ы. Л. Ы. Н. Ғ (байлығын)
ІV топ:
І. Т. Л. (тіл)
А. Т. С. У. Л. Ы. А. М. Й. Ы. Н. Т. (таусылмайтын)
Ф. Б. Л. Й. Қ. Ы (байлық)

ІV. «Тілді қорғау - парызым» аялдамасы.
«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» (П. Гегель)

Тапсырма: болашақта Қазақстан халқы қазақ тілін қалай меңгеретіндігін көз алдына елестете отырып сурет немесе 5 мин эссе жазу. (уақыт беріледі)
Қорытындылау кезеңі:
Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаз топты марапаттау.
І топқа:
1. Абай білім алған медресе қалай аталады?
2. Қазақ тілінде неше септік бар, атап шық?
3. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
4. Белгілі бір құбылыс, оқиға жөнінде хабарлайтын мәтін түрі?
ІІ топқа:
1. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата?
2. «Ойлан» сөзінің түбірі қандай?
3. Қ. Р. Мемлекеттік тілі қай тіл?
4. «Ата» сөзін септе
ІІІ топқа:
1. Абайдың қанша қара сөзі бар?
2. Қазақстан Республикасының нышандарын ата
3. Айтыстың түрлерін ата
4. Жеті санының ұғымдарын ата

ІV топқа:
1. Сөз таптарын ата
2. «Әдемі» сөзіне синонимдік қатар құрау
3. Тіл туралы 5 мақал - мәтел айт
4. Тіл туралы өлең жолын оқы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама