Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тақырыбы: Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (сынып сағаты)
Мақсаты: 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тіл мерекесі күні екендігін атап өту.
Тіл мерекесіне қатысты оқушының шығармашылығын дәріптеу.
Рухани - адамгершілік, патриоттық рухта тәрбие беру.
Дереккөздер: Интернет материалдары, оқулық, оқушылар шығармашылығы, тіл туралы
жазылған ойшылдардың нақыл сөздері, дайындалған слайдтар

Жүру барысы:
- Бұл мерекеге орай кім қандай материал жинақтады?

Оқушылар шығармашылығы
А) салған суреттері
Ә) эсселері
В) мақал – мәтелдері
Г) өлең шумақтары

1. « Ортадағы дәптер» ойыны
Әр топ өз жинағын ортаға салады.

2. Кіріспе
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
Нұрсұлтан Назарбаев
Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Ұлттарды бір – бірімен ажыратып бөлетін де, жақындатып туыс ететін де – оның тілі. Тіл - әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі. Тіл - адамзат қоғамындағы ортаны біріктіруші, ұйымдастырушы. Тілдің негізгі қызметі – қоғам мүшелерінің бір – бірімен сөйлесу, пікір алысу, арасын жалғастырушы қызметі.
Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Қазақ тілі әлемдегі 17 миллион қазақтың ұлттық тілі аталып келген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі өсті. 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Сөйтіп, ана тіліміздің тағдыры мемлекеттік қамқорлыққа алынды. Ал, 1989 жылы 11 - ші шілдеде Қазақстанда «Тіл туралы» Заң қабылданды. Бұл заң 27 баптан, 6 тараудан тұрады. Кейбір баптарға тоқталып кетейік.
4 - бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi - қазақ тiлi.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама