Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Сабақ тақырыбы: Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Мақсаты: Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс - тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Күтілетін нәтиже: Бағалау әдістерімен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастарды түсінеді. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдісін тәжірибесінде қолданады.
Түйінді идеялар: Білім саласындағы қарқынды даму кезеңіндегі мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру
Сабақта қолданылатын ресурстар: Флипчарт қағаздары, стикер, интерактивті тақта, презентация, маркер, қалам, желім, түрлі - түсті қағаз, қайшы, смайликтер, тарелкалар, салынған тарелка суреті, сэндвичтер
Оқыту әдістері мен модульдер: ОүБ және оқуды бағалау,
АКТ,
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,
Оқытудағы басқару және көшбасшылық,
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 1. жұптық жұмыс
2. топтық жұмыс
Тапсырмалар: Топ ережесін құру, Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін постермен жұмыс, «Қалдықсыз технология» атты тапсырмада берілген заттар, қайшы, желім арқылы көрмеге бұйым жасау, формативті бағалау, сергіту сәті, жұппен жұмыс, рефлексия.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама