Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Басқару және көшбасшылық
Коучинг сабақтың тақырыбы: Басқару және көшбасшылық
Жалпы мақсаты: Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже: Топтаса жұмыс атқара отырып, басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді. Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді. Кәсіби білім, біліктері өседі.
Әдебиет 1. Мұғалімге араналған нұсқаулық.
2. Үлестірме материалдар
3. А. Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО - да қолдану мәселелері» атты оқу құралы, Алматы 2013ж.
4. А. Әліміов. «Оқытудағы ИНТЕРБЕЛСЕНДІ әдіс - тәсілдер» Астана, 2014ж.
1. Топтау:
От. Су. Күн. Ай.
Қима қағаздар арқылы әр топ бір - бірін тауып алады. (пазл үлгісінде тарату)
Әр топқа өз атауларына байланысты анықтама беру.
От - қай кзде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су - жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.
Күн - жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін, сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай - ойшыл да, арманшыл. Қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
2. Ой қозғау:
Тақтаға әр саланың өзіндік ерекшелігімен аты айшықталған тұлғалар суреттерін көрсету. Бұлар кімдер? Барлығында қандай ортақ қасиет бар? Неліктен халық оларды ерекше құрметтейді? Т. б сұрақтар қою
Формативті бағалау
Асоцияция әдісі арқылы көшбасшыға тән қасеттерді атау:
1. Оптимист
2. Әділ, қарапайым
3. Мәдениетті
4. Шығармашыл
5. Зерттеуші гуманист
6. Жаңашыл
Формативті бағалау

Қызылорда қаласы, №101 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Кушанова Индира Кенесовна

Басқару және көшбасшылық жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама