Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тоқсан жастағы тарлан. Мырзатай Жолдасбеков
Тоқсан жастағы тарлан. Мырзатай Жолдасбеков
Сабақтың мақсаты: Кенен Әзірбаев және оның өнері туралы, ән құдіреті туралы оқыта отырып, қазақ елінің тарихы, тұрмыс - салты туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
І. Білімділігі: Көркем сөздер, қара сөздер, нақыл сөздердің мағынасын аша отырып, дұрыс пайдалана білуге үйрету.
ІІ. Дамытушылығы: Өнер адамдары туралы білімдерін кеңейту, әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
ІІІ. Тәрбиелігі: Кенен ата әндерінің құдіретін сезінуге ықпал жасай отырып, өнер адамдарын құрметтеуге, қадірлеуге, адамгершілікке, туған елінің тарихын қастер тұтуға үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Кенен Әзірбаев туралы мәліметтер, («Бозторғай» әні, үнтаспа).

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту.
Сыныпты топтарға бөлу.
І топ – Домбыра, ІІ топ - Қобыз, ІІІ топ – Жетіген.
Қазақ халқының арасында өнер адамдары көп болған. Өнердің түрлері де сан алуан. Соның ішінде күй өнерін халыққа жеткізген атақты композиторларды халық қастерлеп, құрметтеген.
«Бозторғай» әнін тыңдау.
- Әнді тыңдағаннан қандай әсер алдыңдар?
- Көз алдарыңа не елестеді?
- Неліктен деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың жауабы).
Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру. Ақынның қызы Төрткен әкесінің еңбектерін насихаттап, халыққа жеткізіп жүрген ұрпақтарының бірі екенін айту.

І V. Мағынаны ашу.
Мәтінді түсініп оқу.
- Кенен ақынға сипаттама бер. Ақынның бойында қандай қасиеттері болған екен?
-«Ел басына қайғы төнген қараңғы түнек» дегенді қалай түсінесің?
- Ақын нені армандапты? Сол арманына жетті ме екен?

V. Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,
Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!

VІ. Ойтолғау.
Венн диаграммасын сызу.
І топ. Кенен Әзірбаев – топтастыру жаса.
ІІ топ. «Ән құдіреті» - эссе жазу.
ІІІ топ. «Бес жолды өлең стратегиясын пайдалана отырып, «Кенен ата» атты ән жазу.
Бүгін сабақты Кенен атамыздың әнімен аяқтап, Кенен ата әндерін жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік.

VІІ. Үй тапсырмасы: 51 – 53 бет. Мәтінді түсініп оқып, Кенен Әзірбаев ата туралы мәлімет жинау.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама