Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Тұғырым биік тұңғыш президентім
Тұғырым биік тұңғыш президентім
Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Жас ұрпаққа ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен, білім алған еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру.
Жас ұрпақты Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге білімділікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету.
Көрнекілік: Буклет, Елбасының суреттері, рәміздер. мұражай макеті, слайд

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Қазақстан байтақ жерім
Табиғаты қандай көркем,
Тәуелсіздік арқасында
Мәртебесі артқан елім

Әнұран орындалады.

Іздену - ұйымдастырушылық
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Күз мезгілінің айлары қандай?
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Балалар бүгін 29 - қараша күз мезгілінің соңғы күндері. Алдымызда 1 - желтоқсан біз үлкен мерекені атап өтпекпіз.

Елбасымыздың тұңғыш сайланған күні.
- Балалар Қ. Р - ның елбасы кім?
- Балалар ендеше бәріміз толық мағлұмат алу үшін мұражайға барайық.
Мұражайдан: суреттерін, еңбек, өмір жолымен таныстырады.
- Біздің балаларымыздың елбасы туралы тақпағымызды, отан туралы мақал - мәтелімізді тыңдаңыз.
- Балалар біз мұражайдан елбасымыз туралы көптеген мағлұмат алдық.
Ендеше тобымызға қайтайық.
- Балалар әнекей бәріміз слайд тақтаға назар аударайық.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың бейнефильмінен үзінді тамашалайық.
- Қ. Р - ның мемлекеттік рәміздерін қалай атаймыз?
- Балалар слайд тақтада не бейнеленген?
- Қазақстан Республикасының картасында нелер орналасқан?
- Кәне қандай қалалар орналасқан атап айтайықшы?

- Ендеше балалар алдымызда Қазақстан Республикасының картасы орналасқан сол картадағы әр қаланың бөліктерін бояймыз.
- Қазақстан Республикасының картасы құрастырылды.
Айтқан тілектерің орындалсын. Бұл біздің бірнеше ұлттардың достығы жарасқан ел екенімізді білдіреді

Бекітемін:___________
«Ақбота» балабақшасының әдіскері: Р. Дуймбаева

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Жаңабаева Шынар Киикбаевна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама