Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Балабақшадағы би әлемі
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Би өнері
Тақырыбы: «Балабақшадағы би әлемі»
Мақсаты: балалардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қозғалыстарының үйлесімділігін, икемділігін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, слайд тақта, атрибуттар.

Мотивациялық - қозғаушылық
Балаларды музыка әуенімен би залында қарсы алу.
Балалармен амандасу (шапалақтау)
Ритмикалық жаттығулар:
- бас, мойын жаттығулары;
- қол, иық, жаттығулары;
- білек, саусақ
- аяқ, аяқтың басына арналған
жаттығулар;

Ұйымдастырушылық - ізденістік
1. Ойын жаттығулары:
«Көңілді қояндар»
Шарты: Балалар шеңберге тұрып музыка әуенімен қимылдар жасап билейді.

2. Би жаттығулары:
«Қазақ биінің қимылдары» (суреттер слайд тақтадан көрсетіледі).
- молдас, негізгі молдас қимылы;
- қошқар мүйіз, кереге көз қимылы;
- сыйлық, сәндену қимылы;
- айна, білезік қимылы;
- домбыра, киіз үй қимылы;
- бүркіт қанат, қамшы ұстау қимылы;

3. Шағын би қойылымы:
«Гүл ұсыну» биі
1 - бөлшек: 16 такт. Қыздар ішкі шеңберде, ұлдар сыртқы шеңберде отырады. Әуен басталғанда алдымен үш қыз орындарынан тұрады, содан соң үш қыз тұрады. Одан кейін ұлдар тұрады.
2 - бөлшек: 8 такт. Ұлдар мен қыздар қарама - қарсы жүріп шеңбер айналады.
3 - бөлшек: 8 такт. Шеңберден шығып жұп-жұбымен екі қатарға бөлінеді.
4 - бөлшек: 8 такт. Әр бала өз жұбымен қарама-қарсы қолдарын айқастырып айналады, кері бағытта қайталайды.
5 - бөлшек: 8 такт. Ұлдар қозғалып билеп тұрады, қыздар қолдарын төменнен жоғары қарай қозғалтады.
6 - бөлшек: 8 такт. Соңында ұлдар қолдарындағы гүлдерін қыздарға ұсынады.

Рефлекциялық - түзетушілік
Жетекші би сабағын аяқтап, балаларды мадақтап, марапаттайды.
Балалармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Үйретілген би жаттығуларын, ойын жаттығуларын, шағын би қойылымын.
Болуы керек: Биге ыңғайлы киімдері.
Қолынан келуі керек: Үйретілген би жаттығуларын жасай алу, биді билей алу.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының хореограф маманы
Жағалбаева Нұрсұлу Саматовна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама