Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскіннің пайда болуы.
Сабақтың тақырыбы: Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскіннің пайда болуы.
Сабақтың мақсаты:
Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлармен, өскіннің пайда болуымен таныстыру, білімдерін тиянақтау.
А) Тұқымның өнуі үшін қажет жағдайларды тәжірибе арқылы анықтау.
Ә) сыныппен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың білімін жинақтау.
Дамытушылық мақсаты:
Тарапта құралдар, тест сұрақтары, «сиқырлы сиыр» ойыны, «жапырақ теру» ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларға адамгершілік, туған елін, өскен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтық салт – санаға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойындар, түсіндіру, пәнаралық және пән ішілік байланыс әдістерін пайдалану.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысына арналған үрмебұршақ мен бидай дәнегінің плакаты, сызбанұсқасы, «Өскін» плакаты, тұқымдардың буклеті, «Сиқырлы шарлар», «Жапырақ теру» ойынының плакаты, жемістер мен емен тұқымдарының таралуының кестесі, өнген тұқымдар, тест сұрақтары, таратпа құралдары т. б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпқа кіріп оқушылармен амандаса отырып, оқушының сабаққа қатынасып отыруына қарай сабақты бастаймын. Оқушыларға тәжірибемді көрсетемін. Сабағымды оқушыларға «Жапырақ теру» ойыны арқылы сұрақтар беріп, сабағымды бекітемін.
«Жапырақ теру» ойынындағы сұрақтар:
1. Тұқымның өнуі үшін не қажет?
2. Тұқымның өнуі дегеніміз не?
3. Су, жылу, ауа не үшін қажет?
4. Тұқым өнгенде қандай өзгеріске ұшырайды?
5. Тұқымға ауа жетіспесе өне ма?
6. Тұқымға ыстық су құйса, ол өнбейді неліктен?
7. Күздің күні қандай тұқымдарды себеді?

Үй тапсырмасын сұрау.
Сабағымды бекіткен соң үй тапсырмасын сұрауға көшемін. Үй тапсырмасын «Сиқырлы шар» ойыны арқылы сұраймын. Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Жауабы: Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы, сурет салу, кітапша толтыру және оқушылар өздері өндірген тұқымдарды көрсету.
Оқушыларды топтық жұмыс жүргізу арқылы қыздар және ұлдарды екі топқа бөліп, «Сиқырлы шар» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Мұнда қойылатын сұрақтар:

Қыздар тобына қойылатын сұрақ:
1. Қос жарнақты тұқымның құрылысын талдап беріңдер?
2. Дара жарнақты тұқымның құрылысындағы ерекшеліктері қандай?
3. Қос жарнақта және дара жарнақты тұқымдардың құрылысын, бір – бірімен салыстыра отырып сызбанұсқа арқылы түсіндір?
4. Дара жарнақты өсімдікке қандай өсімдіктер жатады?
5. Тұқым қай өсімдіктерде өте көп түзіледі?

Ұлдар тобына қойылатын сұрақ:
1. Тұқым дегеніміз не?
2. Ұрмебұршақ тұқымында қоректік заттар қайда жиналған?
3. Бидай тұқымында ше?
4. «Жеміс» және «тұқым» деген ұғымдарды түсіндір?
5. Дәнек дегеніміз не?
Тест, карточка берілген оқушылармен жұмыс жүргізу.

Жаңа сабақ:
Өсімдіктер тіршілігіндегі құбылысты түсіну үшін, өсімдіктердің мүшелерімен және жасушаларының құрылыстарымен танысып қана қоймай, олардың өнуіне қажетті жағдайларды да білу керек. Толық пісіп жетілген тұқымдар қолайлы жағдайлар туған кезде ғана өне алады. Тұқым өну үшін су, жылу, ауа, жарық қажет. Қандай жағдайда да тұқым өнетінін тәжірибе арқылы анықтайық. Төрт стакан алып, оның әрқайсысына жүгерінің он тұқымын (құрғақ) саламыз. Әрбір стаканды нөмірлейміз. Бірінші стаканды шынымен жабамыз. Екінші стаканның түбіне суланған мақта немесе сорғыш қағаз салып, оның үстіне тұқымдарды орналастырамыз. Су буланып кетпеу үшін бетімен шынымен жауып мақтаның үнемі дымқыл болуын қадағалап отыру қажет. Үшінші стакандағы тұқымдарды суға батып жататындай етіп су құйыңдар. Төртінші стаканда екіншідегідей тұқымдар дымқыл матаның үстіне орналастырылады. 5 - 7 күннен кейін бірінші стакандағы тұқымның ешқандай ұшырамағаны көрінеді, яғни құрғақ тұқымдар өзгермей ұзақ сақталады. Екінші стакандағы тұқымдар өнген. Алдымен олар бөртеді, сонан соң тұқым қауызы жарылады да, өне бастаған ұрық көрінеді.

Үшінші стакандағы тұқымдар бөртеді, бірақ өнбейді. Өйткені тұқымға ауа жетпейді. Төртінші стакандағы тұқымдар да өнбейді. Себебі мұнда жылу жоқ.
Сонымен, бұл тәжірибе арқылы тұқымның өнуіне су, ауа және жылу қажет екеніне көз жеткіздік. Тұқым өнуі дегеніміз – ұрықтан өскіннің дамуы. Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдікті - өскін дейді.

Оқулықпен жұмыс:
Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды, өскіннің пайда болуын, оқу жемістер мен тұқымдардың таралу жолдарының қорытынды кестесін дәптерге сызу. Өскіннің суретін салу.
93 – беттегі біліміңді тексер тапсырмасын орындау, кесте толтыру.
Сабақты өткенді еске түсіріп қорытындылаймын.
Сабақты бағалап, үйге тапсырма беремін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама