Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сыйластық деген не?
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі, біздің тобымыздағы екі баланың туылған күні.

Мұғалім:
- Біз сыйластық туралы не білеміз? Сыйластық деген не?
Оқушы:
- Сыйластықтың, адалдықтың белгісі иіліп сәлем бергені.
(Балалар қонақтарға иіліп сәлем береді)
Мұғалім:
- Аптаның бүгін қай күні?
Оқушылар:
- Аптаның сенбі күні
Мұғалім:
Құттықтау мен сыйдың,
Иесі мынау торт пен гүлдің.
Айтыңдаршы балалар,
Туған күні кімнің?

Оқушылар:
Ақнұр мен Наурызбектің (балалар Ақнұр мен Наурызға гүлдерін береді. Олар өздеріне арналған жеке орынға келіп отырады)
Әже:
(Бесікті ортаға қойып. Оған кішкене сәбиді бөлеп көрсетіп,)
- Сендерді де өз аналарың осылай бесікке бөлеп өсірген.
- Қане, балалар, «Бесік жырын» кім айтып береді?
-
Ән: Бесік жыры
Тақпақтар
1) Фариза: Бүгін сенің туған күнің
Бетіңді мөлдір сумен жуған бұл күніңді
Қадірлейміз әр жылда бұл күніңді
Құтты болсын, құтты болсын туған күнің.

2) Қолқанат: Жайнасын өмірлерің әр күн сайын
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың.
Келешек өміріңе бақыт тілеп
Туған күн мерекеңмен құттықтаймын.

3) Толғанай: Камзол киім, қынай бел
Толған ою - өрнекке
Билесін деп сұрайды ел
Өнеріңді көрмекке.

Алдар ата:
Алдауыш таяғым үйде қалып қойыпты саған бару үшін менің сұрағыма жауап беріңіздер. Кім қандай мақал – мәтел біледі?

Балалар: Ойын ойнап жіберейік: «Кел, сақинам кел»– ойынын ойнайық (ойын ойналып болған соң Алдар ата да балалармен отырады.)
4 - класс Ұлжамал, Жұлдызай.
Би:
Ән: Балнұр мен Гүлбанудың орындауында «Дастархан»
Ал, енді мына торттың жарығын сөндіріп, туған күн иелерін торт кесіп берейін.
Тақпақ:
Ақнұр:
Бүгін туған күніміз,
Қолда шоқ - шоқ гүліміз.
Көңіліміз көркейді,
Көп ән, би мен жырымыз.

Наурызбек:
Жасымызға жас қостық,
Жақсы күнде бас қостық.
Арманы бір құрдастар,
Ағайын боп достастық.

Ата – аналар комитеті сөз сөйлейді...
Балалар, ата – аналар, Алдар ата, мұғалімдер дәмнен ауыз тиіп мерекелік дастарханға келіңіздер.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама