Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
ҰБТ – ге дайындық. Қазақ тілі пәнінен «Лексика» тарауы бойынша жұмыс дәптері
«ҰБТ – ге дайындық» Қазақ тілі пәнінен «Лексика» тарауы бойынша жұмыс дәптері

Түсініктеме хат
Жұмыс дәптері оқушыларға «Лексика» тарауын жан - жақты меңгерудің неғұрлым тиімді жолдарын қамтыған. Білім беруде барлық материалдар бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру үдерісінде оқушының білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
Оқыту бағдарламасы тоқсан басында әрбір оқушыға беріліп, оқушының білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы оқушыға қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Тарауды толықтай меңгеру үшін оқушы ұсынылған әдебиеттердің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тарауды оқытудың мақсаты: Оқушының ҰБТ - ге дайындық барысында «Лексика» тарауын жан - жақты меңгеруіне жол көрсете отырып, әрбір оқушыға оқу материалдарын өздігімен меңгеруге үйрету, олардың ақыл - ой қабілетінің даму жолдары мен тәсілдерін анықтау. Оқушылардың білім деңгейін анықтап, оларды диагностикалау және коррекциялау.
Міндеттері:
1. Оқушыларды осы тарау бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру.
2. Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін анықтау.
3. Оқушылардың ақыл - ой қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін тапсырмалармен, ережелермен таныстыру.

Мазмұны
1. Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары. Көп мағыналы сөздер.
2. Омоним. Синоним. Антоним. Табу. Тұрақты сөз тіркестері. Мақал - мәтелдер.
3. Сөздік қор. Қазақ тілінің сөздік құрамы. Көнерген, жаңа сөздер. Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері.
4. Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер. Кәсіби және термин сөздер.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А. С. Жуманова
ҰБТ – ге дайындық. Қазақ тілі пәнінен «Лексика» тарауы бойынша жұмыс дәптері жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама