Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұжымдық қимылды ойындармен шұғылданудың маңызы
ҰЖЫМДЫҚ ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАРМЕН ШҰҒЫЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ.
Қимылды ойындар бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесін берудің негізгі құралдарының бірі ретінде қолданылады. Алуан түрлі қимылды ойындардың ішінде ұжымдық қимылды ойындардың маңызы ерекше. 1 - 4 сыныптарға арналған оқулықтарда қимыл – қозғалыс ойындары, оның ішінде қазақтың ұлттық ойындары біршама берілген. Осы ойындармен оларды спорттық өзге түрлерімен ұштастыра отырып шұғылдану балалардың денсаулығын нығайтуға, денесінің жан – жақты дамуына және оқуға деген ынтасын арттыруға болады.

Сабақтарда және жекелей жаттыққанда қимылды ойындарды қолдану арнаулы үйрену – жаттығу міндеттерін шешуге көмектеседі.
Оқушылар лагерлерінде, саяхат кезінде, жорықтарда «жергілікті жерде өткізілетін ойындар» деп аталатын ойындардың маңызы өте зор. Бұл қимылды ойындар әр түрлі табиғи кедергілерден өту әрекеттерімен қатар, байқау және бағдарлау жаттығуларымен ұштастырылады. Ойнаушылар қыста және жазда табиғатпен тікелей қауышу жағдайында көптеген қозғалыс дағдыларын мейілінше дұрыс қолдануға, шеберлікті, қабілеттілікті үйрене білуге дағдыланады.

Жақсы ұйымдастырылған ойындар кезінде балалар арасынан ойынды жақсы ұйымдастырушы - белсенділер, ойын басқарушылар өсіп шығады.
Қимылды ойындардың едәуір бөлігі жеке қатысушылар және командалар арасында өзара әрекет жасау арқылы жарысу сипатында өтеді және ойыншылардан жеткілікті дәрежеде табанды, ұстамды болуды қажет етеді.
Қимылды ойындарды өткізудің ерекшеліктері қандай? Балаларға қойылатын артық күш түсіретін немесе бұлшық еттің белгілі бір топтарына бір жақты әсер ететін қимылды ойындарды ұсынуға болмайды. Балалық жаста сүйектің әлі ұзыннан өсе беретінін, қаңқаның сүйектену процесінің және ішкі органдардың дамуы аяқталмағанын ескеру керек.

Осы жаста жүрек – тамыр жүйесінің даму ерекшеліктерін еске ала отырып, қимылды ойындармен ұдайы шұғылданған кезде ойындардың бірте – бірте ауырламайтын жүйелілігін қадағалап отырудың маңызы зор. Балалардың назарын әр түрлі қимыл ойындарына аудару керек, ал мұнымен шұғылдану ойыншылардың денесінің жан – жақты дамуына сәйкес келетін болсын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама