Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету.
Дамытушылығы: сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелігі: сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт.
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Барлығымыз жұмыла,
4 - 5 - ке қол жеткізу.

Жұмбақ жасыру
Қабат - қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. /Кітап/
Кітаптарың дайын ба?

Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. /Дәптер/
Дәптерлерің дайын ба?

Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан.
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі. /Қалам/
Қаламдарың дайын ба?

2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақта біз қандай тақырып өтіп едік? қайталап жіберейік
- Дұрыс айтасыңдар сөз таптары.
- Біз қандай сөз таптарын білеміз?
- Зат есім, сан есім, етістік, сын есім. Енді топтастыру стратегиясын пайдалану.

- Үйге берілген тапсырма тексеріледі.
3. Жаңа сабақ.
- Біз жаңа сабақтың тақырыбын өтпес бұрын оны ребус арқылы шешіп, тауып алайық. /Зат есім/
- Енді интербелсенді тақтаға назар аударыңдар, мына суреттер қандай сұрақтарға жауап береді?

- Ендеше кім? Не? Кімдер? Нелер? Деген сұраққа жауап беріп, заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп айтамыз. Және олар жалқы, жалпы есім болып бөлінеді. Жекеше, көпше түрі болады. Негізгі және туынды зат есім болып бөлінеді.

Кітаппен жұмыс
1 - жаттығу. Сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді тауып мына сөзжұмбақты шешу. Жауабы: /Зат есім/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама