Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұлы тұлға
Ұлы тұлға
Мектебімнің мақтанышы мерейі,
Ұлы тұлға Клара апайым бір басшы.
Өркендеуге көркейтуге мектепті,
Аямастан бар жігерін жұмсады.

Сөз саптауы, ойы жүйрік көреген,
Мектеп үшін түн ұйқысын төрт бөлген.
Не бір қиын мәселені шешуде,
Шеберлікпен қиыстырып, бір шешкен.

Көзінде нұр, жүрегінде мейірім.
Езу тартып күлгені де бір әсем,
Жақын тартып арқадан бір қаққанда.
Сезінесің алақанның жылуын.

Бола білді жанашыры бәрінің,
Қолдай білді жарқыраған шәкіртін.
Талап етіп, білімменен тәртіпті,
Биік қойды мәртебесін мектептің.

Шымкент қаласы, Абай ауданы,
Ақтас елді мекені № 61 жалпы орта мектеп
5 сынып оқушысы Тастемирова Ақтолқын
Жетекшісі Серикбаева Гулдана Шырынбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама