Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менің арманым
Менің арманым

Арман қиял жетелейді алысқа,
Армандайды бала қиял шарықтап.
Әкім болып ел басқару арманым,
Іске асырып тілектерін халқымның.

Мақсат мүддем анық айқын,
Іс жасаймын мен жоспармен.
Гүлдендіріп туған елдің даласын,
Жақсартамын әл - ауқатын халқымның.

Ағаш егіп, жолды жөндеп, тазартып,
Жағдай жасап тұрғындарға бауырға.
Алғыс алып батасымен халқымның,
Әділ әкім атанамын жасымнан.

Сенемін мен орындалар арманға,
Талпынамын сол жолдарға адымдап.
Жақсы оқып, жұмыс жасап, кәделі,
Жетемін мен нық сеніммен арманға.

Шымкент қаласы, Абай ауданы,
Ақтас елді мекені № 61 жалпы орта мектеп
5 сынып оқушысы Сайрамбай Нұрмұхаммед
Жетекшісі Серикбаева Гулдана Шырынбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама