Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
Сабақтың мақсаттары: 1) Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейтуден алған білімдерін бекіту.
2) Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Алға қойған мақсаттарына жетуге, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекілігі: Ауызша есептеуге арналған карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
Көктемнің күні терезеден, Бізге міне тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл - күймен, Басталады бұл сабақ.
Бәріңе мәлім балалар,
Нақты есеп болмаса,
Жұмыс алға баспайды
- Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан да екі топқа бөлінеміз.
1-топ - «Алғырлар». Ұраны: Тек қана алға, алға, алға!
2 -топ:-«Тапқырлар». Ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз, бермейміз!

II. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша оқыту, тексеру.
III. Өткенді қайталау.

а) Математикалық диктант.
● Көбейтудің компоненттері:
а) Көбейткіш, көбейгіш, мәні.
б) Азайғыш, азайтқыш, айырма.
в) Көбейгіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні.
● Кез - келген фигураның ауданын табу үшін…
а) Ұзындығын еніне қосамыз.
б) Ұзындығын еніне көбейтеміз.
в) Ұзындығын еніне бөлеміз.
● Егер бөлінгіш пен бөлгіштің мәнін 100 есе кемітсе…
а) Мәні өзгереді.
б) Мәні көбейеді.
в) Бөліндінің мәні өзгермейді.
● Кезкелген фигураның Р - ін табу үшін…
а) Қабырғаларын көбейтеміз.
б) Қабырғаларын еніне көбейтеміз.
в) Барлық қабырғаларын қосамыз.
● Санның кубы дегеніміз не?
а) Барлық сандардың қосындысы.
б) Санның үш дәрежесі.
в) Санның көбейтіндісі.

Ойын «“Кім тапқыр?”»

IV. Жаңа сабақ.
1 кезең
Ойын «Тізбекті жалғастыр»
Ойынның шарты: Кім бірінші орындаса, сол мәреге бірінші жетеді.

Тест тапсырмасы
I - топ. І нұсқа
а) 15 пен 5-тің қосындысын 4-ке бөл.
ә) 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 5-ті азайт.
б) 27 мен 3-тің бөліндісінен 4-ті азайт
в) 36 мен 6-ның бөліндісіне 10-ды қос.
г) 5 пен 9-дың көбейтіндісінен 5-ті азайт.

II - топ. ІІ нұсқа
а) 24 пен 6-ның бөліндісін 10-ға көбейт.
ә) 5 пен 3-тің көбейтіндісінен 5-ті азайт.
б) 8 - бен 4-тің бөліндісіне 10-ды қос.
в) 6 мен 4-тің көбейтіндісінен 4-ті азайт.
г) 3 пен 9-дың көбейтіндісіне 3-ті қос.

Сергіту сәті. Есептерді шығардық,
Өте - өте шаршадық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
3 кезең.
«Ұтыс» ойыны
Ойынның шарты: Қай топ бірінші орындаса, сол топ алма ұтып алады.

I - топ. а*4 - 126, мұндағы а=144. 144*4 - 126=450
II - топ. а*4 - 126, мұндағы а=396. 396*4 - 126=1458

4 кезең. Ойын «Көбелекті ұшыру»
Ойынның шарты: Кім есепті дұрыс шығарса, көбелектің ұшуына көмектеседі.
І - топ. Шешуі:( 2+4) * 160=960(тг)
ІІ - топ. Шешуі: 160*2+160*4=960(тг)

5 кезең.
Ойын «Кім бірінші?»
Ойынның шарты: Қай топ бірінші орындайды.

І - топ. 6: 9=0 (қалд. 6)
13: 7=1 (қалд. 6)

ІІ - топ. 42: 8= 5 ( қалд. 2)
20: 9=2( қалд. 2)

IV. Бекіту.
Ойын «Қонжыққа көмектес»
Ойынның шарты: Қонжық жазбаша көбейтуді білмей тұр. Соған көмектесу керек.
I - топ.
217
x 4
_____
868

328
x 3
______
984

235
x 4
______
940

286
х 3
______
858

II - топ.
129
х 4
_____
516

173
х 5
_____
865

367
х 2
______
734

417
х 2
_____
834

VI. Қорытындылау.
1. Жазбаша көбейтудің қандай тәсілдерімен жұмыс жасадық?
2. Қандай тапсырмалар сендерге көбірек ұнады?
3. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама