Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі
Мақсаты: Балаларға ұстаздар, олардың тәрбиесін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатының балалардың санасына жеткізуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Музыка залы
Қатысушылар: Қуыршақ, мысық

Көңілді музыка орындалып тұрады.
Жүргізуші:
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да
Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі!
Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Ендеше алғы сөзді «Күншуақ» балабақшасының меңгерушісі А Тажидановаға береміз.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, тәрбиеші апайлар мерекелеріңіз құтты болсын!
Алдарыңызда алғашқы рет ұйымдастырылған №31 «Күншуақ» балабақшасының ересек тобы мен даярлық тобының өнерлі ұл - қыздарынан құралған хор ұжымының орындауында
Ән: «По малину в сад пойдем»
Ән: «Құтты болсын мереке»
Ән: «Тәрбиеші апай»

Тақпақтар:
Айша:
Армысыздар, жиналған қауым ұстаз.
Күні бүгін ұстаздардың мерекесі.
Құтты болсын мереке баршаңызға,
Жүріңіздер үнемі сіздер алда.
Нұраман:
Ұстаздар қауымы сіздерді 2 қазан «Ұстаздар күні» мерекесімен
(хормен) құттықтаймыз!
Раушан:
Ұстаз – ұлы тұлға.
Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігерлер де, ұлы ақындар да табынып, бас иген.
Ән: «Күн дидарлы Қазақстан» орындайтын дуэт.
Қораптан Қуыршақ шығады.

Қуыршақ:
Амандасады.
Мен көңілді қуыршақ,
Қарақатпын әдемі,
Ойын ойнап, би билеп,
Көтерейік көңілді.
Алақанды соғайық,
Аяқты да қозғайық.
Барлық бала бірігіп,
Мерекемен құттықтап,
Би билейік көңілді.
Ендеше «Қуыршақ биіне» кезек берейік.
Қуыршақ: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын ойналады.
Қуыршақ: Балалар менің аяғым шаршады, демалып алайын.
Жүргізуші: Қуыршақ деміңді ал, біздің балалар мерекеге арнап тақпақтарын оқиды.
Тақпақтар: (Айым, Ерсаят, Самира)
Музыка әуенімен мысық келеді.
Мысық Мен әдемі мысықпын мияу, мияу, мияу. Тез жүгіре аламын. жылы жерде ұйықтағанды жақсы көремін. Менен тышқандар қорқады мяу, мяу, мяу.:
Жүргізуші: Мысық сен не істеп жүрсін бұл жерде?
Мысық: Мен ұстаздарды мерекемен құттықтауға келдім. Өз өнерімді ала келдім. Домбыра тартып, ән айтып берейін.
Жүргізуші: Балалар қуыршақ қатты ұйықтап қалыпты. Қолдарымызбен шапалақтап оятайық.
Қуыршақ: Ой мен қатты ұйықтап қалыппын, біраз дем алдым. Салеметсіз бе мысық!
Мысық: Сәлем қуыршақ.

Жүргізуші: Қуыршақ, мысық сендер отырып біздің балалардың өнерін әрі қарай тамашалаңдар!
Тақпақтар:(Мадина, Мөлдір, Назым, София, Раушан)
Ән: «Бүгін қай күн?»
Қуыршақ пен мысық: Біздер енді қайтайық сіздермен уақытымыз көңілді өтті, Балалар мектепке барғанда сабақты жақсы оқып, ұстаздарыңды тыңдаңдар! Ал ұстаздар сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз! Сау болыңдар!
Ән: «Ұстаздарға мың алғыс!»
Жүргізуші: Осымен «ұстаздар күні»мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама