Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Тақырыбы: Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
ШС мақсаты мен міндеттері: Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан - жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу
Күтілетін нәтижелер: Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді.

Кімге жүргізіледі: мұғалімдер
ШС барысы: Ой шақыру, мағынаны ажырату, рефлексия
Әдістер мен тәсілдер: Психологиялық дайындық, топқа бөлу, постер дайындау
Құрал - жабдықтар: Таныстырылым, АКТ, бейне таспа, фламастер, қалам, қарандаш, стикер, қағаз, плакат. А4
І. Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру (3 мин)
Мақсаты: жағымды атмосфера қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету.

Ұйымдастыру: (музыка ойнап тұрады.)
Жаттығу: «Құрт»
Қатысушылар бірінің артынан бірі бір қатарға тұрады, араларында ауа шары, бұл - құрт. Құрт қалай ұйықтайтынын, жылжитынын, керілетінін, жуынатынын көрсетуі керек.

2. Топқа бөлу /2 – мин/
Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөліну.
1 - топ. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

2 - топ. Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

3 - топ. Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Ой шақыру
Таныстырылым көрсету. /10 - мин/
Таныстырылым көру: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі».
- Жаңашыл ұстаз болудың 13 критерийіне біздің жұмысымыз сай ма?
- Өзіңізге қандай баға берер едіңіз?
- Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай?
Рефлексия (Сын тұрғысынан ойлау)

Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама