Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ұстазға арнау би қойылымы
Тақырыбы: «Ұстазға арнау» би қойылымы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Би өнері
Мақсаты: балаларға би тақырыбын түсіндіре отырып, ұстаздарға деген сый – құрметін арттыру. Биді әдемі, ұқыпты билеуге тәрбиелеу.

Мотивациялық қозғаушылық
Музыка әуенімен балаларды би залында қарсы алу. Шеңбер бойымен жүру, аяқ ұшымен жүру.
Тәжім жасап жетекшімен амандасу.
Өткен жаттығуларды қайталау.

Ұйымдастырушылық Ізденістік
- Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?
Дұрыс айтасыңдар, ұстаздар мейрамы келе жатыр.
- Ұстаз деген кім?
Ұстаз – ол біздерге білім беріп, бізді оқытатын адам екен. Ұстазды әрқашанда сыйлауымыз керек екен.
Бүгін біздер ұстаздар мерекесіне арнап «Ұстазға арнау» биін үйренетін боламыз.
Би қимылдары:
Биге ұлдар мен қыздар қатысады.
- қолдарында гүлдері бар ұлдар мен қыздар кезек – кезек музыка әуенімен сахна ортасын жүгіріп шығады.
- қолдарын жоғары көтеріп оңға – солға бұлғап қозғау;
- шеңбер бойымен жүру;
- жұп-жұбымен қимылда жасау;
Жетекші би қимылдарының дұрыс жасалуын қадағалайды.

Рефлексиялық түзетушілік
Жетекші балаларға би қимылдарын дұрыс жасап, қайталап келуін тапсырады. Балалармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Би қимылдарын.
Болуы керек: Би қимылдарына икемділігі.
Қолынан келуі керек: Би қимылдарын жасай алу.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы,"Ақбота"балабақшасының
хореограф маманы: Жағалбаева Нұрсұлу Саматовна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама