Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
«Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі»
(Сара Алпысқызы)

Қазақстан Республикасының дамыған 50 ел қатарына енуді көздеген «мәуелі» мақсаты, әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке төтеп бере алатын тұлғаларды дайындау, білім сапасының халықаралық стандарттарға сай болуы әлемдік деңгейдегі терминдерді пайдалануды талап етеді. көтеріліп отырған мұндай өзекті мәселелер, білім беру жүйесін дамыту барысында білім берудің нәтижесі классикалық білім парадигмасы ұсынған білім, білік, дағды ұғымдарымен қоса, интеллектуалдық, азаматтық - құқықтық, коммуникативтік, ақпараттық біліктіліктері мен тұлғалық сипаттарын, қасиеттерін, қабілеттерін қамтитын құзырлылық ұғымының әдіснамалық деңгейде зерттелуі – оның жалпы білімдегі жүйелі практикалық қызметтерімен, кіріктірілген метапәндік рөлімен тікелей байланысты.

«Өзін - өзі тану» пәнінің мақсаты – өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін - жерін сүйетін, рухани - адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу. Сонымен қатар ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасында: «Жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман - есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау», - көрсетілген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама