Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Ашық сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету, сөздік қорларын молайту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, пәнге құзіреттеу.
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) Дамытушылық: ойын түрлері арқылы танымдық қабілеттерін, тілдерін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) Тәрбиелік: оқушыларды бірлікке, ынтымаққа, еңбексүйгіштікке, бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, кестелер, слайд
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, математика.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықтарын ояту
1. Психологиялық дайындық (слайд - 2)
Біз әдепті баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Жақсы оқып сабақты
Ата - ананы қуантамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) 346 - жаттығу, 126 бет. ереже жаттау.
бала - лар елік - тер балуан - дар

ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Көрнекіліктермен жұмыс /интерактивті тақта арқылы жұмыс/.
Өлеңді оқы. Өлеңдегі зат есімдерді тап. Оларға сұрақ қой.
А/Білім алған өзіңнен
Дәрігер, ұшқыш не ғалым.
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім./Н. Жанаев/

Ә/«жұрт» сөзінің мағынасын түсіндірмелі сөздікпен жазу
Жұрт – халық, көптеген адамдар.
3) Өткенді еске түсіру (слайд - 3) Сызбаны толықтыр.
- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
- Көптік жалғауларды ата.

4) Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін сурет арқылы айту (слайд - 4, 5, 6)
1) Мысық - мысықтар,
Аспаз - аспаздар,
Кітап - кітаптар.
2) «Артық сөз қайсысы?»
3) «Менің күшігімнің аты – Ақтөс»сөйлеміндегі Ақтөс сөзінің жалқы есім екеніне төмендегі қай дәлел бола алады?(слайдпен жұмыс)
5) Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІ. Мағынаны ашу

1) Дәптерге күнді жазу
2) Көркем жазу (К к Ққ)
3) Оқулықпен жұмыс
348 - жаттығу, 127 - бет
1. Мұғалімнің оқуы
2. Кезектесіп оқу
3. Зат есімдерді тауып, дауыстап оқу.
4. Сөздік жұмыс (слайд - 7)
Тамақ – 1. Азық, қорек. 2. Тері - адамның, малдың, жануардың денесін жауып тұратын дененің сақтандырғыш бөлігі.
5. Көптік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазу
Құстар, сауысқандар, ала қарғалар, торғайлар.(тақтада орындалады)
6. Сөз құрамына талдау.

4) 349 - жаттығу. Сәйкестендіру тесті/сұрақ қою арқылы тексеру/.
Балшық..................... тар
сабақ........................ лер
құжат....................... дар
парақ....................... дер
қап........................... тар
Жүзім....................... тер
суретші - лер
биші -
әже -
көрші -
(жұмыс әдісі: жеке - жұп, жария ету)
5). Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. 350 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу. І топ орындайды.
2. (з. е. жекеше түрі), (з. е. көпше түрі).
3. Слайдпен жұмыс. ІІ топ орындайды.(зат есім түрлеріне 2 сөзден жазу)
Зат есім
Жалпы, жалқы
Көпше, жекеше

4) Оқулықпен жұмыс (дәптерде орындайды)
351 - жаттығу, 129 - бет
Жазған сөйлемдерді оқы.
Көптік жалғауы бар сөздерді жекешеге айналдырып жаз.
Бақалар - бақа,
бозторғайлар - бозторғай,
саятшылар - саятшы,
аңдар - аң,
қасқырлар - қасқыр.
5) 352 - жаттығу. ІІІ топ орындайды. Мәтінді оқу, 2 - бөлікті көшіріп жазып, зат есімдерге талдау жасау.

ІІІ. Рефлексия. Қорытындылау
Бекіту. Сұрақ - жауап ретінде.
Балалар, бүгінгі сабағымызды «Күннің шуақтары» арқылы қорытындылаймыз. Сабақтан не алғандарын күн шуақтарына жазады.
Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады.

ІV. Үйге тапсырма беру.
1) 353 - жаттығу, 129 - бет; шығармашылық тапсырма «Менің оқу құралдарым»
Үлгі: «Мен өз оқу құралдарымды ұқыпты ұстаймын. Өйткені мен оқулықтардың көмегімен білім аламын...»
2) Ереже жаттау 128 - бет
V. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама