Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Баяндама
«Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі»

Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемімен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды.

Еліміздің білім беру саласындағы бетбұрыстары педогогикалық халықтық негіздерін білім кеңістігіне кіріктіруге, жаңа ұлттық сипатты мектеп қалыптастыруға, оқыту үрдісінің сапалығын арттыруға, жастарды кәсіби еңбекке даярлауға бағытталған. Егеменді елдің ертеңі оқу - білімімен, мәдениет өркениетімен бағаланады. Елімізде оқытудың мазмұны мен әдістемесін жетілдіру жалпы білім беретін орта дәрежелі оқу жүйесімен тығыз байланысты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне өтуге бағыт алуда.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты - міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту деңгейлік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында «бәсекелесуге қабілетті жұмыстар мен мамандар даярлау және біліктілігін арттыру» делінген. Шынында да, қазіргі қоғамға қабілетті, талантты, іскер мамандар көптеп қажет. Сондықтан ұстаздар алдында заман талабына сай тұлға тәрбиелеу жауапкершілігі жүктеледі.

Мектептегі оқу әдісінің негізгі мақсаты - баланың білімді игеруі кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін дамыту. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс - жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет.

Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық әрекеттің ұйытқысы. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі қызықтыру жолдарын іздестіру қажет. Химия ғылымына оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес. Қызығулар оқушының ой - өрісін кеңейтіп, білім алуға талпындырады, іс - әрекетін жеңілдетеді, бір нәрсеге қызығатын болса, ол кез - келген іспен шұғылдану үшін қиындықтарға қарсы тұрып, жеңе біледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама