Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Зерделі болсаң биік шыңға жетесің
Тақырыбы: Зерделі болсаң биік шыңға жетесің

Мақсаты: оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, ақыл ой өрісін, жан жақты дамыту.
Оқушыларды өз бетінше ізденуге баулу
БАРЫСЫ:
Шаттық шеңбері «Айгөлек» әні. Әнін жазған Б. Байқадамов
Сөзін жазған Н. Баймұхамедов
Мұғалім Жер үстінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолын жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен сапарға жол салынар.
Қадірлі болашақтың бастауы балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімдеріңізді көрсететін ән, жырмен өрнектелген “Зерделі болсаң биік шыңға жетесің ” атты интеллектуалды ойын сайысымызды тамашалайсыздар.
Мұғалім Ал, келіңдер, келіңдер
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Ойынға қатысып көріңдер
Ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз;
(оқушыларды таныстырамын)
Жаңа ақпарат. Адам өмір бойы өзіне құпия, сыры беймәлім нәрселерді білуге құштар болады. Білімді мектептен, оқу орнынан алуға болады. Сонымен қатар кітап, газет - журнал оқу, ақпарат құралдарын тыңдау арқылы да адам өз білімін тереңдете алады. Білім адамның жоғары жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді.
Ойланайық, пікірлесейік.
- Білім адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласыңдар?
- Теледидардан қандай танымдық бағдарламаларды көргенді ұнатасыңдар?
- Оқушылардың білім сайыстарына қатысқың келе ме?
Ендеше, білім сайысына қатысуға тілек білдірген оқушыларымызды сыныпқа құрметпен, қошеметпен қарсы алайық.( арнап жеке өлеңдер оқи отырып кіргізу)

Аяулым біздің ақылды
Болғын бізге шамшырақ.
Әлемге сен атыңды
Жарқырат, балам, жарқырат.

Адамдық борыш ар үшін,
Елдің мынау қамы үшін
Аделя үлес қосқайсың
Болашақ елдің таңы үшін

Әрбір тілде адамдарды таң қылып,
Сөйлей білу ақылдыға заңдылық.
Болсаңдағы Ләйлі біздің еркеміз,
Жұлдызы бол өз халқыңның мәңгілік

Лаула, балам, Даниял сен де жарқыра,
Пайдаң тисін қазақ деген халқыңа,
Сегіз қырлы жігіт болып өскесін
Дәріптейтін ата - баба салтын да.

Сабырлы да салмақты.
Озық ойлы бұл бала.
Жеңемін деп мақсат қойған алдына
Бекарысты шақырамын ортаға.

Мұғалім: Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең, жыр, жұмбақ, мақал мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Мұғалім: Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Таңдап баға беруге
Шақырайық төрге
Әділқазылар алқасын сайлап аламыз
Сайысымыз 4 айналымнан тұрады.
1 - айналым: «Дода»
2 - айналым: «Бәйге»
3 - айналым: « Білімпаз»
4 - айналым « Ұшқыр ой»- деп аталады.

Бірінші сайысымыз «Дода» деп аталады. Әр сұраққа 10 ұпай беріледі
Сұрақ 1. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? (30 км)
2. Тастан қаланған ең биік пирамида қалай аталады?(Хеопс пирамидасы)
3. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?(25)
4. Құстың аузын қалай атайды? (тұмсық)
5. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (М. Мақатаев)

Сұрақ 1. Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді?
2. Жылуы өте күшті көмір түрін ата. (антроцит)
3. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?(екіге)
4. Абылай ханның өз аты? (Әбілмансұр)
5. «Оқуға шақыру» өлеңінің авторы кім? (А. Байтұрсынов)

Сұрақ 1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнайды. Бір адам неше сағат ойнайды?(2 сағ)
2. Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі қай жылы өтеді? (2017)
3. Аққу баласы не? (көгілдір)
4. Б. Соқпақбаевтың қандай шығармасын білесің? «Менің атым - Қожа»
5. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?
Сұрақ 1. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
2. Тірі табиғатқа жатады Неліктен?
3. Түбір сөз дегеніміз не?
4. Мысық баласы. (марғау)
5. С. Сейфуллин кім?
Сұрақ1. 4 жұмыртқа 5 минут піссе, 1 жұмыртқа неше минут піседі?
2. Киік баласы қалай аталады? (құралай)
3. Мәтін дегеніміз не?
4. Темірқазық жұлдызы қай тұста болады? (солтүстік)
5.
Мұғалім Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін математикаға берелік
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік

Екінші сайысымыз «Бәйге деп аталады
1 сұрақ Ондықтары 3 - ке тең болатын екі таңбалы сандарды өсу ретімен ата.
Алғашқы үш сабақ: математика, қазақ тілі, және ана тілі. Матеметика - бірінші емес, ана тілі - бірінші де үшінші де емес. Сабақтардың реті қандай?

2 сұрақ Ондықтары да бірліктері де бірдей екі таңбалы сандарды кему ретімен ата.
Құтан бір аяғымен тұрғанда 12кг тартады. Құтан екі аяғымен тұрса қанша тартады?

3 сұрақ Бірліктері 8 болатын екі таңбалы сандарды кему ретімен ата.
Асан мен Үсен шахмат ойнады Асан 2 рет ұтты, ал Үсен 2 рет ұтылды. Олар бір рет тең ойнады. Барлығы неше рет шахмат ойналды?

4 сұрақ Толық ондықтарды кему ретімен ата.
Камшат 7 жаста, ал оның әпкесі 10 жаста. Камшат 5 жылдан кейін әпкесінен неше жас кіші болады?

Мұғалім: Ана тілсіз іс өрге баса алмас
Ана тілсіз тарихта жасалмас
Желмаяға мініп ап желіп жүріп
Күнірінбеген жайдан жай Асан қайғы - деп келесі сайысымыз ана тілі пәніне арналмақ
Үшінші сайысымыз «Көкпар» деп аталады. Мына конвертті таңдайсыңдар
1 - конверт Ребусты шеш Абай
Абай Құнанбаев кім? Абай айтқан 5 асыл іс пен, 5 дұшпанын айтып бер
2 - конверт Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім? Ыбырый Алтынсариннің қандай өлеңін жатқа білесің?
3 - конверт Төмендегі берілген жолдар қай мысалдағы кейіпкерлерге қатысты?
Онда қандай салмақ болсын!
«Уф» десе ұшасың. «Суф» десе. Қонасың.
Ұшарыңды жел біліп, Қонарыңды сай біліп, Сайран салып жүргенің.
4 - конверт Төмендегі үзінді қай шығармадан алынған?
- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім бар. Бұл кімнің жауабы?
Мұғалім: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік - деп келесі сайысымыз қазақ тілі пәніне арналмақ.
Төртінші сайысымыз:»Білімпаз»
Бұлттан жауған жаңбыр тамшыларынан сөз құрайсыңдар
А з қ ы ----------- ж ұ р м -------------- қ а ж а ------------- а б с т
А қ у н ----------- ы т қ а ----------- з у ы н -------------- ы р қ у
Қорыту Сөз әділ қазыларға беріледі

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама