Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Химиядан күнделікті сабақ жоспары (10 сынып)
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар:
§1. 7. Қышқылдар мен негіздерге деген жаңа көзқарастар. Сольважүйелер теориясы.
§1. 8. Протондық теория
§1. 9. Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.
§1. 10. Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.
§1. 11. Тұздар класы. Лабораториялық тәжірибе №2 «Тұздар гидролизі»


Тақырыбы §1. 7. Қышқылдар мен негіздерге деген жаңа көзқарастар. Сольважүйелер теориясы.
Білімділік мақсаты: Ерітінділер, қышқыл және негіздердің иондық теориялары, электролиттік диссоциациялану туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіре отырып, білімді қалыптастыру;
Дамытушылық: түсіндіру, есте сақтау, көңіл аудару қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, жаттығулар орындау. 9 - ЕТЖ - 5, 10 - ЕТЖ - 1
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, 9 - ЕТЖ - 5, 10 - ЕТЖ - 1, 0. 5г кальций оксиді, индикаторлар, қышқыл, сілті ерітінділері, мыс сульфаты, цинк хлориді
Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.
Фронталды сұрақтар:
• Тұздар деген не?
• Қышқылдар деген не?
• Негіздер деген не?

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды
шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Сулы және бейсулы ортада өтетін процестердің ұқсастықтарын байқаған американдық ғалым Франклин. Ол 1915 жылы аквохимия процестеріне ұқсастығына негізделген қосылыстардың сольважүйелер теориясын ұсынды. Аквохимия сулы ортада өтетін диссоцияция негізінде пайда болған иондық теория негізінде қалыптасса, онда дәл осылай сусыз сұйық аммиактың диссоцияциясын зерттеп, аммонохимияның негізін жасады:

§ 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11 жүктеу

Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама