Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар
§1. 12. Жалпылама теориясының химияда қолданылуы. Тұздар гидролизі.
Қайталау.
Есеп шығару


Тақырыбы §1. 12. Жалпылама теориясының химияда қолданылуы. Тұздар гидролизі.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, жаттығулар орындау. 10 - ЕТЖ - 1
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, ерігіштік кестесі, 10 - ЕТЖ - 1.
Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
1. Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.
2. Темір(ІІ) хлориді, калий карбонаты, алюминий сульфиді гидролизінің теңдеуін құрастырыңдар.

1. Білімді жаңғырту:
1. Фронталды сұрақтар:
* Бренстед теориясы неге протондық теорияның мәні неде?
* Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясының мәні неде??
* Солбважүйелер теориясының мәні неде?
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды
шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Усановичтің теориясы заттың қышқылдық – негіздік қасиеттерін сандық жағынан қарастыруға болатын теория түрінде қарастыруға болады. Алайда қышқылдар мен негіздердің көбісі үшін олардың сандық мәні бірдей болмайды. Әрбір зат әрекеттесетін басқа заттардың табиғатына байланысты қышқылдық – негіздік қасиеттерді әртүрлі дәрежеде көрсетеді. Қышқыл мен негіздің күштерінің айырмашылығын басқа затпен салыстырып байқауға болады. Ол үшін аквохимияда су қолданылады. Бір элементтен тұратын қышқылдар мен негіздердің күшінанықтау оңай. Металл атомдары өздері электрондарын беретіндіктен негіз болады. Металдың - негіздік күшін иондану потенциалы арқылы анықтайды.
Зарядталған бөлшектің ядро заряд мөлшерінің(Z) шамасы оның радиусына
(r ) қатынасымен өрнектеледі.

U==Z / r

Анион - негіздердің күші олардың заряды өскенде артады. Мысалы: CI -, S2,- N3 -, күрделі аниондарда осы заңдылыққа бағынады.

Катион - қышқылдардың күші иондардың заряды өскенде артады. Мысалы: Na+, Mg2+, AI3+

Катион мен анионның зарядтары бірдей болса, иондық радиустары кемігенде күштері артады. Қышқыл K+, Na+, Li+, негіз I - Br - CI - F - күші солдан оңға қарай артады.

§1.12 жүктеу

Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама