Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыбы: §14. 1. 14. 2. 14. 3. Химияның қоғамдағы рөлі. Химияның диалектикалық көзқарасты қалыптастырудағы рөлі. Химияның өндірістегі, шаруашылықтағы және күнделікті өмірдегі маңызы. Химияны дамытудағы қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға көмірсутек шикізаттарын негізінде синтезделетін органикалық қосылыстардың маңызды өндірістері, Қазақстандағы мұнай химия өндірісінің дамуы туралы білімді жетілдіру;
талдау, қорытындылау біліктіліктерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: бекіту сабақ
Сабақ өткізілу түрі: кітаппен өз бетінше жұмыс, 11 - ЕТЖ - 1 жаттығулар орындау, хабарлама
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, видеофрагмент көрсету 11 - ЕТЖ - 1,
Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
Үй тапсырмасын тексеру:
Айналым берілген тапсырманы тексеру - кеңесшілердің көмегін пайдалану.
Оқушылардың хабарламасы: «Химия адам ісіне құлашын кең жаяды»
«Химия және экология»
Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері:.
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

2. Оқыту проблемалары:
1. Білімді жаңғырту:
Фронталды әңгімелесу:
 Қандай қосылыстарды азотты органикалық қосылыстар деп атаймыз?
 Қандай қосылыстарды нитроқосылыстар деп атаймыз?
 Қандай функционалдық топты нитротоп деп атаймыз?

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1. Мұғалімнің түсіндіруі:

11 - Б - 5 көрсету
Өздік жұмыс: кітаптағы 21 – інші кестемен жұмыс.

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңі:
Білімділік мақсаты:
1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
- алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -
Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу.

Білімді қорытындылау және жүйелеу:
- тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
- оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
Лабораториялық тәжірибе№15
Фронталды сұрақтар қою:
Химия ғылымының XXI ғасырдағы дамуын қалай елестетесіңдер?
«XXI ғасыр - химия ғасыры» дегенді қалай түсінесіңдер?

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
- оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардың іс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау. Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
- оқушылардың өзін – өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау
1. Өзара т тексеру.(жұппен сұрақтар дайындау арқылы жұмыс істеу)

Үй тапсырмасын беру кезеңі: Білімділік міндеттері:
- оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
2. Дәптерге жазғандарын тексеру.
Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру: §14. 1 - 14. 2 - 14. 3

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру. Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

Рефлексия кезеңі: Білімділік міндеттері:
- оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.
- оқушылардың өзін - өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым – қатынас принципін үйрету.

§14.1, 14.2. 14.3 жүктеу

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама