Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар:
§7. 1. d - элементтерге жалпы сипаттама. Мыс.
§7. 2. Мырыш.
§7. 3. Хром.
§7. 4. Темір.
Практикалық жұмыс №1 «Металдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару»
«Металдар» тарауы бойынша қорытындылау және бекіту сабағы


Білімділік мақсаты: Оқушыларға d - элемент мыс атомы құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; мыс, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы;
d - элемент мыс атомының электрондық формуласын құрастыру, жеке атомға сипаттама беру, әр топтың атомдарының айырмашылығын түсіндіре білу, қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту білім - білік дағдыларын дамыту.
сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ өткізілу түрі: Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау, мұғалымнің толықтыруы, жаттығулар орындау, оқушылардың қорытынды жасауы, 10 - ЕТЖ - 1 жұмыс істеу.
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, 10 - ЕТЖ - 1, ХЭПЖ.

Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
1. Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру: бір - бірін тексеру. по 10 - ЕТЖ - 1 жаттығу орындау. 58 бет №1 - 8

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың өтілген материалды қабылдау, есте сақтауын қамтамасыз ету;
- нақты қорытындылауға, жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
- түсініктер, заңдар, ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге, талдауға көмек ету;
- оқушылардың оқу материалын өз әдіс - тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Жаңа сабақ - кітаппен өз бетінше жұмыс:
• параграф 7. 1оқу (177 - 178 бет).
• Мыс

Мыс – бірінші топтың қосымша топшасының элементі оныншы d - электрон үшінші деңгейшеге өткен, сондықтан бұл электрон қозғалғыш. Тотығу дәрежесі – (+1; +2). Мыстың (+3) тотығу дәрежесін көрсететін бірнеше қосылысы бар. Табиғатта кездесуі: мыстың жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 0, 01 % Ол саф күйінде және көбінесе, қосылыстар түрінде кездеседі. Мыс кендерінің - табиғи минералдары құрамында мыстың мөлшері едәуір болғандықтан, одан металды бөліп алу экономикалық жағынан тиімді. Маңызды минералдарға: халькопирит CuFeS2 (30% мыс),
халькозин “мыс жылтыры” Cu2S (79, 8% мыс),
ковелин CuS (64, 4% мыс),
малахит CuCO3 ∙ Cu(OH) 2 (57, 4% мыс),
куприт Cu2O (81, 8% мыс).

Кен орындары: Жезқазған, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Кенді Алтайда бар. Мыс Балқаш және Жезқазған тау - металлургия комбинатында өндіріледі.

§7.1, 7.2, 7.3, 7.4 жүктеу

Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама