Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
И дыбысы және әрпі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Аябаева Санбибі

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: И дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу және жазып үйрену.
2. Дамытушылығы: Сурет бойынша әңгімелеу арқылы ой – өрісін, тілін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелігі: Жан - жануарларға қамқорлық жасауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық, аңдар, құстар, әріп таңбасы, сөздер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, сипаттау, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Қазір қай ай?
- Қараша.
- Ауа - райы қандай?
- Салқын.
Олай болса, осы сабақта қыста ұйықтайтын аңдарға және отырықшы құстарға көмектесейік.

2. Өткен сабақ. « Аюға көмектесейік»
Бағандағы сөздерді оқыту.

3. Ой қозғау «Жұмбақ» « Борсыққа көмектесейік»
Үйіңді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды. (Ит)

4. Жаңа сабақ
- И – и – и
- Қалай айтылады екен?
- Кедергісіз, созылып, әндетіп айтылады екен.
- Олай болса, бұл қандай дыбыс екен?
- Дауысты дыбыс.
- Ол қандай үйде тұрады?
- Қызыл үйде тұрады.
« Суырға көмектесейік»
Кәне әндетіп айтайық.
И – еріннің артқа қарай тартылуынан жасалатын езулік дауысты дыбыс.
И – сөздің басында, ортасында кездеседі.

5. Оқулықпен жұмыс
И - баспа түрі И - не - лік
« Кірпіге көмектесейік»
Сурет бойынша әңгіме құрау.
« Торғайға көмектесейік»
Бағандағы сөздерді оқу.
Ит - үй жануары
Кит - ең ірі сүтқоректі жануары
Ине - тігін тігетін құрал
Инелік – бұнақденелі жәндік
Иек – адамның мүшесі
Шие – жеміс
Киік – түз тағысы, жануар
Киім – адамның үстіне киетін матадан тігілген бұйым.
Тиын – ұсақ ақша
Тиін – орманда тіршілік ететін жануар
Тиек – домбыраның құрамы
Жиек – бір нәрсенің шеті.
« Сауысқанға көмектесейік»
Сөздердің жіктелуін талдау.
(Зат есім үш жақта жіктеледі)
« Ала қарғаға көмектесу»
Қасиетті сөздерді оқу
Киік – киелі аң. Мүйізінен дәрі - дәрмек жасалады.
Иман – адам бойындағы қасиет.

6. Сергіту « Кептерге көмектесу»
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үш бұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
« Көгершінге көмектесу»
«Ит» мәтінін оқу.
1. Мәтін не туралы?
Ит туралы.
2. Ит не істейді?
Ит мал бағады, аң аулайды.
3. Мәтінде неше сөйлем бар? (6)
4. Мәтіннің бірінші сөйлемінде неше сөз бар? (3)

7. Дәптермен жұмыс « Тоқылдаққа көмектесу»
Дыбыс, әріп
Баспа, жазба түрімен танысу
Ауада жазу И и – бір, екі
Дәптердегі суреттерге сөйлем құрау.
8. Қорытынды.
1 – топ. Бағандағы сөздерді шынжырлап оқу.
2 – топ. Көзбен оқу. (Сөздердің жіктелуін)
3 – топ. «Ит» мәтінін тізбектей оқу.

9. Шығармашылық тапсырма Мақал – мәтел
Ине өткен жерден жіп өтер.

Ойын: Кім шапшаң ойлайды?
И дыбысы бар сөзге қол соғу, и дыбысы жоқ болса аяқты тырсылдатамыз.
Ине, әпке, іні, шие, ай, киік, кит, Имаш, борсық, алау, ту, кірпі.

10. Бекіту.
Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ол қандай дыбыс?
Сендердің көмектеріңе аң - құстарда алғыс айтады.
11. Мадақтау

12. Үйге тапсырма
Жазу жолындағы сөздерді жазу.
Аю, тоқылдақ, борсық, көгершін, суыр, кептер, кірпі, ала қарға, торғай, сауысқан.
Жарайсыңдар, рақмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама