Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Я әрпінің жазылуы
2 сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: Я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
Білімділігі: Сөз ішінде йа дыбыстары естілгенімен жазуды дұрыс жазу үшін я әрпі жазылатындығын түсіндіру.
Тәрбиелігі: Көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Дамыта оқыту әдістері.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд)

Сабақтың жүру барысы
І. Қызығушылықты ояту:
- Шаттық шеңбері
Оқушылар бір - біріне тілек тілейді.
Мысалы: Сабақта белсенділік таныт.

ІІ. Мағынаны тану: «Ой қозғау»
Жұмбақ
Қоянда бар,
Қайыңда жок.
Қиярда бар,
Қиында жоқ. (Я әрпі)
ІІІ. Есіңе сақта! Ережемен таныстыру.
Естілуі ---------- Жазылуы
Қыйар ---------- Қияр
Майа ----------- Мая
Йа --------------- Я
Я – қосарлы дауысты дыбыс. Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылады: аялдама, Аяулы, қоян.
Қоян – 2 буын, 4 әріп, 5дыбыс.
Қ – дауыссыз қатаң дыбыс
О – дауысты жуан дыбыс
Я – қосарлы дауысты дыбыс
Н – дауыссыз үнді дыбыс

ІІІ. Ой толғаныс.
Дәптермен, тақтамен, оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу. Тапсырмасы: Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз, я әрпінің астын сыз. Аяулы, оянғаны, таянғаны.

Семантикалық карта
......
2 - жаттығу
Тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқы. Я әрпі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
Аян сабақ аяқталған соң өзен жағасына келді. Өзенге таяу жерде мал жайылып жүр. Өзен баяу ағып жатыр. Аян судың саяз жерін біраз кешті. Аяғы тоңып кетті.
Дыбыстық талдау жасау
І топ --------- ІІ топ -------- ІІІ топ
Сая ---------- Сия ----------- Мая
Сая – 3 әріп, 4 дыбыс
С – дауыссыз, қатаң дыбыс
а - дауысты, жуан дыбыс
я - қосарлы, дауысты дыбыс.

3 - жаттығу
Тапсырмасы: Сөздерді көшіріп жаз.
Ұя, мая, саяхат, бояу, саят, оянды.

«Кубизм» әдісі
1. Я қандай дыбыс?
2. Сыныпта есімдерінде я әрпі бар ер балалардың есімін ата.
3. Тақия деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?
4. Я әрпі қандай дыбыстардың орнына жазылады?
5. Йа естілгенімен жазыла ма?
6. И дыбысы қандай дыбыс?

4 - жаттығы
Тапсырмасы: Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Япыр - ай, мектеп ауласы жайнап кетіпті!
2. Жаяу Мұса - әнші. 3. Автобусқа таяқ ұстаған қария кірді. 4. Қыз баланың мінезі биязы болғаны дұрыс. 5. Қияр – ерте пісетін көкөністің түрі.

IV. Ой толғаныс:
Әріп дыбыс
Й ---- Дауыссыз
Үнді дыбыс
буын құрамайды.
Я ---- Қосарлы
Дауысты дыбыс
буын құрайды.

- Я қандай дыбыс?
- Аяулым деген сөзде я әрпінің орнына қандай 2 дыбыс естіледі?

V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
VI. Үйге тапсырма беру.
2. «Ана» тақырыбына өлең құрастыруға немесе шығарма жаз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама