Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Италия мен Испаниядағы фашизм
Сабақ тақырыбы - Италия мен Испаниядағы фашизм.
Сабақ мақсаты:
Білімдік - Оқушыларға Италия мен Испаниядағы фашизмның орнау ерекшеліктері туралы толық тарихи мағлұмат беру.
Дамытушылық - Оқушыларды тарихи фактілер мен оқиғаларды салыстыру, талдау, жіктеу, дереккөздермен жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелік - Оқушыларды фашизм мысалында тарихтан сабақ алуға шақырып, демократиялық құндылықтар мен бостандықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі - Аралас сабақ.
Сабақ әдісі - Сұрақ - жауап, ауызша баяндау.
Көрнекілігі: Б. Муссолини, Ф. Франко, А. Гитлер портреттері. Слайдтар: Муссолинидың Римге жорығы, Испаниядағы Азамат соғысы, Испанияға шетел көмегі, әскери техникалар, Мадридты қорғау, фашистік лагерлер.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. КСРО құрылу, өмір сүру уақыты. 6. Индустрияландыру мәні
2. 1917 ж оқиғалар. 7. Ұжымдастыру мәні.
3. 1918 - 1920жж оқиғалар. 8. КСРО негізгі ұйымы.
4. КСРО съездері. 9. Ең ұзақ басқарған басшы.
5. КСРО басшылары. 10. КСРО мұрагер елі.
ІІІ: Жаңа материалды түсіндіру.
Тезистер.
Италия 1919 - 1939жж.
Италияға Ідж соғыс әсері.(өндіріс, экономика, қаржы, адам шығыны, қалалар қирауы).
1919ж - Италияда Фашио ди комбатименто - Күрес одағы деп аталатын алғашқы фашистік партия құрылды. Басшысы - Б. Муссолини.(Қысқаша өмірбаяны - слайдтармен)
1922ж Муссолини Римге жорық жасап, үкіметке бірнеше фашисті министр қызметіне енгізді.(слайд№3)
1923ж - фашистерді сынаған министр Маттеоттиді өлтіру. Муссолини үкімет басында.
Муссолини сыртқы саясаты: 1935 - Эфиопияны, 1939 - Албанияны басып алу. 1936 - 39 - Антикоминтерндік пактқа қатысу. Гитлерлік Германияны қолдау. Испания фашистеріне көмек жіберу. КСРО - ға қарсы соғысқа қатысу.(слайд№5)
Ішкі саясаты: 1927ж - Ерекше трибунал мен Құпия полиция құрылды. Экономика 30 корпорацияға бағындырылды. Рим папасымен келісімге келіп, шіркеудің қолдауына ие болды.(слайд№6)

Испания. 1919 - 1939жж.
1921ж Мароккодағы ұлт - азаттық көтерілістің қоғамға әсері. Үкіметке қарсы наразылық өсуі.
1923 - 30жж генерал Примо де Ривера диктатурасы.(портреті)
1931ж - 1336жж буржуазиялық - демократиялық революция. Испаниядағы көппартиялық жүйе. Республика орнауы, монархия құлауы.
1933ж - кіші Ривераның фашистік Фаланга партиясын құруы.(Франко мен кіші Ривера, фаланга эмблемасы)
1936 - 1939жж - Испаниядағы Азамат соғысы.(кесте) Республикашылдар мен Франкистер. Англия мен Францияның бейтараптығы. Италия мен Германияның әскери көмегі. Республикашыларға интернационалдық еріктілер көмегі.(слайд№9 - 11).

ІІІ. Бекіту сұрақтары.
1. Фашизм мағынасы
2. Муссолини өмірбаяны.
3. Муссолини сыртқы саясаты
4. Муссолини ішкі саясаты.
5. Испания дағдарыс себебі.
6. Ривера диктатурасы.
7. Фаланга құрылуы
8. Франко тұлғасы
9. Испания Азамат соғысы.
10. Нәтижесі, себебі.
Үйге тапсырма.
Испания мен Италия. Венн диаграммасы. Фашизм тұлғаларына сипаттама

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама