Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Заттардың қасиетін қайталау
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі:Қарапайым математика түсініктерімен танысу
Тақырыбы: Заттардың қасиетін қайталау
Мақсаты: Балаларды 10 мөлшерінде тура және кері санауды қайталау, заттың қасиеттерін, геометрикалық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау, 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, есеп шығару, ойлау, ойын
Көрнекіліктер:Кеспе сандар, үйлер, қоян, аю, балықтар, сиқырлы қарындаш, «Монгол ойыны» тәттілер.

Ұйымдастыру кезеңі:
1, 2, 3
Біз жинаймыз күш
Терезені ашамыз
Таза ауа жұтамыз
1, 2, 3
Отырамыз тып-тыныш.
«Өз орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Сендер сандарды алып, ретімен қатарға тұруларын керек.
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз.
Бірақ немен, қалай барамыз? Балалар, мен білдім. Маған кеше бір қайырымды адам қорап жіберіп еді, мен бірақ ашып көрген жоқпын. Мүмкін бізге көмектесетін зат болуы мүмкін. Бұл қорапты ашу үшін ең алдымен сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Сұрақтар:
Суреттегі ойыншықтар нешеу?
Бірдей ойыншықтар бар ма?
Қуыршақ нешінші тұр?
Жарайсыңдар, балалар, жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қораптың аузы ашылатын болды. Балалар қорапта бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Бұл қарындаш жай қарындаш емес, «Сиқырлы қарындаш».
• Қане барлығымыз енді саяхатқа шығайық.
Барлығымыз көзімізді жұмайық. 1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді қоянның үйіне апар.
Балалар міне қоянның үйіне келдік.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар, келгендерің қандай жақсы болды. Мен қалашығымыздағы тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Сендер маған көмектесіңдерші?
- Жарайды, ондай болса саған біздің балалар көмектеседі.
№1 тапсырма 1-ден 10-ға дейін, 10-нан 1-ге дейін санаңдар
10 санының құрамына қатысты жаттығулар
10 10 10
1 9 2 8 3 7
Қоян: Рақмет, балалар!
• Ал, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.
1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді аюдың үйіне қонаққа апар.
Балалар, міне аюдың үйіне келдік.
Аю сәлеметсің бе!
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай жақсы болды сендердің келгендерің. Ал сендер менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма?

№2 тапсырма
Көлемі әртүрлі түрлі түсті шеңберлер қойылады. Бұл фигураларға не ортақ?(Пішіні,- бұл шеңберлер)
- барлығы неше шеңбер бар?
- Олардың ішінде нешеуі үлкен? Нешеу кіші?
- Нені өзгерту керек?
- Міне аю, біздің балалар сенің тапсырмаларыңды орындады. Балалар аю туралы біз тақпақ білеміз бе?
Ормандағы аюдың
Құлпынайы тәтті екен.
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Аю: Рақмет, балалар, маған көмектескендерің үшін мен сендерге тәттілерді тастап кетемін.
Сау болыңдар!

• Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді көлге апаршы
Балалар, міне көлге келдік. Балалар қараңдаршы, көлде балықтар көп екен. Балық аулап біраз демалайықшы. Балық ұстаған бала балықтағы тапсырманы орындайды.
№3 тапсырма: Геометрикалық фигураларды жіктеуге арналады. Суретте геометрикалық фигуралар мен түрлі түсті сандықшалар берілген. Балалар пішініне қарай оларды тиісті сандықшаларға орналастырады.
- Балалар, балық тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, енді сергіту сәтін жасап алайық.

• Балалар демалып алдыңдар ма, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.
1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді «Жеңімпаз фигураларға» апар. Міне «Жеңімпаз фигураларға» келдік. Балалар мұнда ешкім жоқ. Жеңімпаз фигуралар шашылып қалыпты, қане бөліктерін тауып құрастырайық.

• Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа қайтайық.
1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді топқа апар. Міне, балалар топқа келдік
Біз саяхатқа қайда бардық?
Кімдер бізді қарсы алды?
- Жақсы, балалар дұрыс құрастырдыңдар.»Монгол ойыны»
- Өте жақсы, балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді саяхаттан қайтатын уақыт болды.
Жақсы. Ал, енді санамақ айтайық.
Кел санайық екеуіміз,
Бас бармағым - әкем,
Балан үйрек - анам,
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

Балалар сабақ соңында қолдарына берілген гүлдерді (қызыл, жасыл) үйшіктің айналасына жапсырып сабақтың қалай болғанын білдіреді.
Өте жақсы ұнаса – жасыл түсті жапсырады
Нені біледі: 1-ден 10-ға дейін сандарды, реттік және кері санауды біледі
Қандай түсініктерді игерді: берілген тапсырмаларды нақты орындау керек екенің түсінді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сан құрамын ажыратудың әр түрлі тәсілдерін орындай білуді үйрету, алған білімдерін пысықтау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама