23 маусымда Алматы облысының таулы аймағында 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өртенген мәйіті табылды. Қоғамда кең резонанс тудырған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайтыс болғанның әйелі Арайлым Әлсерова күдікті ретінде ұсталса, оқиға орнында болған үш кәмелетке толмаған бала үй қамауына алынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ulysmedia басылымы жасөспірімдердің адвокаттарынан алынған жаңа мәліметтерді жариялады. Адвокат Ғалым Нұрпейісов өзінің қорғауындағы жасөспірімнің қайтыс болған Аслан Әлсеровтің ұлының досы екенін мәлімдеді. Оқиға болған күні жасөспірім досының үйіне бейнеойын ойнау үшін келген.
«Біз сараптама тағайындадық. Қазір онымен психолог жұмыс істеп жатыр. Нәтижелері кейін белгілі болады. Себебі тергеушілер кәмелетке толмағандарға қысым көрсетіп, олармен сотқа дейінгі келісім жасасқан. Олар — кәмелетке толмағандар. Олардың ниеті жоқ. Олар білмеген, жоспарламаған. Онда ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Балалар шоктық күйде болған. Қылмыстық кодексте «эксцесс соучастие» деген ұғым бар. Ол орысша айтқанда, «Не в то время, не в том месте»», — деп адвокаттың сөзін келтіреді басылым.


