Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Алтын күз (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Күздің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, алған білімдерін тиянақтау. Әңгіме құрап айтуды дамыту, сөздік қорларын молайту, берілген сөз арқылы сөйлем құрау, күз мезгілінің ерекшелігін танып, білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: салқын суық, жел, сары ала тон жамылған ағаш, егін
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Бала әрекеті
Мотивациялық оятушылық
Тәрбиеші балаларды «Армысың көк аспан» атты шаттық шеңберге тұрғызады.
Армысың асыл күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым!
Тәрбиеші жұмбақ жасырудан бастайды
Қызыл, сары, кемелер
Су бетінде қалқиды
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды
Ол не?
Балалардың назарын даладағы көрініске аударып, сұрақтар қойылады.
- Қазір қай мезгіл?
- Күз екенін қайдан білдіңдер?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Тәрбиеші күздің үш кезеңге бөлінетінін айтып түсіндіреді.
Ерте күз, алтын күз, қара күз
1) Ерте күз – күздің басталуы.
2) Ал алтын күз деп неге айтамыз?
3) Қара күз деп атайтын себебі:
ағаштардағы жапырақтың бәрі түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды.
- Суретпен жұмыс: «Күз туралы»
Суретке балалар ат қояды.
- Екі үш бала суретке қарап, неге алтын күз, ерте күз, қара күз деп аталғанын әңгімелейді.
Тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды, толықтырады.
- Егер күзде күн ашық болса қандай сөздерді қолдануға болады?
- Ал, егер күн бұлтты болса қандай сөздерді қолданамыз?
Тәрбиеші М.Жылқайдаровтың «Күз» деген өлеңін оқып береді.
- Бұл өлеңнің авторы кім?
- Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін суреттеген?
- Алтын күз қамбаға нелерді толтырды?
Сергіту сәті: «Алтын күз» әнімен жасалады
- Тәрбиеші «күз» өлеңін 2 рет оқиды.
- Балалар түсінгендерін айтып береді
Ойын: «Ненің жапырағы»
Балалардың жауабы
- Жапырақ
- Күз мезгілі
Үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша
- Жапырақтың бәрі сарғайып, алтындай сары күйге енеді
Сондықтан «алтын күз»
- Балалардың жауабы
- аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза
- күн түнеріп тұр, аспанды сұр бұлт қаптаған, суық жаңбыр сіркіреп жауып тұр.
Балалардың жауабы
- Алма, өрікті қамбаға толтырды.
- балалар жинаған жапырақтарын ажыратады
(түсін, пішінін) айтады
Рефлексивті түзетушілік
Ұ.о.іс-әрекетін қорытындылау
- Неге бұл жыл мезгілін «алтын күз» деп атайды?
- Алтын күзде балалар неге партаға отырады?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білді
Білуі керек: Күздің үш кезеңге бөлінетінін меңгерді
Түсінеді: Жұмбақ, сұрақтар арқылы байланыстырып сөйлеуді, әңгіме құрап айтуды түсіне білді
Алтын күз
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
March 4, 2024711 views

#алтын күз#бала бақша#тіл дамыту сабағы#суретпен жұмыс
Recommended
Strong winds and heat to hit several regions of Kazakhstan on July 15
Kazhydromet issues storm warnings for most regions of Kazakhstan on July 15, with strong winds, heat up to 40°C, thunderstorms, hail, and high fire danger.
14 min ago
Kostanay Police Officer's Kind Gesture Touches Social Media Users
In Kostanay, Kazakhstan, police stopped traffic to let a swan family cross the road. The touching video moved social media users. Details on infohub.kz.
14 min ago
Talented Duo: Zhiger Auybpaev and Wife, 15 Years Younger, Wow Fans (VIDEO)
Singer Zhiger Auybpaev shares video of his wife Mumina, 15 years younger, playing the dombra masterfully. The artist is stunned by her hidden talent, and social media users are thrilled.
34 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

