Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 450 адам Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Олардың көпшілігі көрші мемлекеттің азаматтығын қабылдаған, деп хабарлайды infohub.kz.

Солардың 24-і белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғанын хабарламаған, ал 7-еуі азаматтықтан айырылғаннан кейін Қазақстан құжаттарын пайдаланған. Сот шешімімен 6 шетелдік елден шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті ескерткендей: «Басқа мемлекеттің азаматтығын алған адамдар 30 күн ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті. Бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған».

Бұған дейін шеттетілген шетелдік Қазақстанда қайтадан ұсталды.