Класы: 9
Сабақтың тақырыбы: «Тармақталу алгоритмдерін программалау»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Паскаль программалау тілінің тармақталу операторлары туралы түсінік беру; теорияда алған білімдерін практикада пайдалана алуға үйрету.
Компьютерлік сауаттылыққа, бірлесе жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тармақталу операторларын пайдаланып, компьютерде есеп шығару дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ВР бағдарламасы орнатылған компьютерлер, тапсырмалар жазылған карточкалар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Білімнің өзектілігі және білімдерін тексеру.
«Тест» сұрақтары арқылы еске түсіріп, білімімізді тексеріп өтейік:
Паскальда бағдарламаны орындау:
а) compile
ә) run
б) user screen
в) file
2. Меншіктеу операторы дұрыс жазылған:
а) a:=z+5
ә) a*x3+b:=0
б) z:=z+1, 4
в) a: b - sqr(4)
3. «integer» типінің диапазоны неге тең:
а) - 2147483648... +21474833647
ә) - 32768... +32767
б) - 127... + 127
в) - 1. 7*10308... - 1. 7. 10308
4. Қабырғалары a, b, c үш санға тең үшбұрыштың болатындығын тексеретін дұрыс шартты көрсет:
а) a b+c) or (b > a+c) or (c > b+a)
б) a > b+c
в) дұрыс жауабы жоқ
5. Логикалық тип:
а) integer
ә) string
б) boolean
в) byte
6. [F9] Borland Pascal - да қандай қызмет атқарады:
а) бағдарламаны жабу
ә) сақтау
б) орындау
в) компиляциялау
7. sqr(x) нені есептейді:
а) х - тің квадратын
ә) х - тің абсолюттік шамасын
б) х - ті кубтайды
в) х - ке, s - ті көбейтеді
8. Паскаль тілінде Х санының бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады:
а) INT(X)
ә) ABS(X)
б) ABC(X)
в) TRUNC(X)
9. Паскальда нәтиже алу операторын көрсет:
а) PRINT
ә) WRITE
б) OUTPUT
в) READ
10. «а» айнымалысын енгізу операторы...
а) read(a)
ә) write(a)
б) input(a)
в) print(a)
ІІІ. Жаңа тақырып:
Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Паскальде екі шартты оператор бар. Олар: if және case.
If шартты оператор. Оның синтаксистік диаграммасы:
Диаграммадан көрінгендей бұл оператор мынадай түрлердің бірінде жазылады:
IF
THEN
ELSE;
немесе қысқартылған түрде
IF
THEN;
IV. Практикалық жұмыс:
№1 тапсырма. Берілген сан х нақты саны х>0 - ге тең болса, онда х - ті екіге арттыр, әйтпесе х - ті екі еселе.
Есептің программасы:
Program esep_1;
Var x, y: real;
Begin
Readln(x);
If x>0 then y:=x+2 else y:=2*x;
Writeln(‘y=’, y);
End.
№ 2 тапсырма. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің «бақытты» нөмір екенін анықтайтын программа құру керек. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең.
Program esep_2;
Uses crt;
Var x, y, z, a, b, c, S, S1: real;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘bilet nomerin engiz…’);
Readln(x, y, z, a, b, c);
S:=x+y+z;
S1:=a+b+c;
If S=S1 then writeln(‘bakitty nomer’) else writeln(‘bakitty nomer emes’);
End.
№ 3 тапсырма. Функцияның мәнін есептеп шығарыңдар.
y={█(- x^2, егер x≤- 12;@x^4, егер - 12<><0;@x -="" 2,="" егер="">0;@x>
Program esep_3;
Uses crt;
Var x, y: real;
Begin
Clrscr;
Write(‘x - ті енгізіңдер: ’);
Readln(x);
If x<=- 12="" then="" y:="-">=->
else
if x<0>0>
y:=sqr(x*x)
else
y:=x - 2;
writeln(‘x=’, x: 4: 1, ‘’: 5, ‘y=’, y: 5: 2);
readln
end.
№ 4 тапсырма. N натурал саны берілген. Егер n саны тақ және оны екі еселегенде алынған сан 32767 - ден кем болса, онда ол санды 2 - ге көбейтіңдер. Басқа жағдайда санды өзгеріссіз қалдырыңдар.
Program esep_4;
Uses crt;
Var n: integer;
Begin
Clrscr;
Write(‘n - ді енгізіңдер: ’);
Readln(n);
If (n mod 2=1) and (n<32767) then="" n:="">32767)>
Writeln(‘n=’, n);
Readln
End.
№ 5 тапсырма. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.
V. Сабақты қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы.
a, b, c, d, e бүтін сандары берілген. Осы сандардың оң элементтерінің қосындысын есептейтін программасын құрыңдар.
Тармақталу алгоритмдерін программалау
Сабақтың тақырыбы: «Тармақталу алгоритмдерін программалау»
March 5, 2024940 views

#9 сынып#информатикадан ашық сабақ#тармақталу алгоритмдерін программалау
Recommended
'Age Has Come': Kazakh Boxer Nazym Kyzaybay Opens Up About Marriage Pressure and Rival
Three-time world boxing champion Nazym Kyzaybay opens up about family pressure to marry, compares Kazakh and Turkish weddings, and names her greatest rival in the ring.
20 min ago
'Accomplices': The Village Where a Husband Burned His Wife and Daughters Alive
In April 2020, a man set fire to his home in Aktau, killing his wife and two daughters. This report examines the domestic violence and community complicity behind the tragedy.
20 min ago
Plastic Surgeon Douses Ex-Wife with Boiling Oil; Woman Loses Eye
In Baghdad, a plastic surgeon doused his ex-wife with boiling oil, causing severe burns and loss of an eye. The attack sparks debate on domestic violence.
40 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

