Зинедин Зидан Франция ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұрын Реал Мадридті жаттықтырған 54 жастағы маман бұл қызметке ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Дидье Дешам Франция құрамасын 14 жыл басқарған еді. Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниядан ұтылып, қызметтен кетті. Дешам 2018 жылы Францияны Әлем чемпионы атануына жеткізген болатын.
Зидан 1998 жылы Франциямен бірге Әлем чемпионы атанған. Ол 2021 жылы Реал Мадридтен кеткеннен бері жаттықтырушылық қызметпен айналыспаған. Енді ол Франция құрамасын 2030 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дейін басқаратын келісімшартқа қол қояды.
Тағайындалуына байланысты Зидан: «Бұл — үлкен мақтаныш. Мен әрқашан айтқанмын: Франция ұлттық құрамасынан асқан ештеңе жоқ. Сондықтан бұл құраманың бапкері болу — қуаныш әрі мақтаныш. Бұл сонымен бірге жауапкершілік. Франция футбол федерациясының президенті Филипп Диаллоға, атқару комитетіне және федерацияға сенімдері үшін алғыс айтамын. Дидье мен оның қызметкерлерінің 14 жылғы еңбегін мойындаймын. Менің барлық жаттықтырушыларыма да ерекше алғыс. Франция құрамасына деген жоғары мақсаттарым бар», — деді.
Зиданның алғашқы ресми ойыны 25 қыркүйекте Ұлттар Лигасы аясында Түркияға қарсы өтеді.


