- 02 қаз. 2024 11:40
- 122
03-05 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан бойынша 2024 жылғы 03-05 қазанға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбырлы ауа-райы
Кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді, онымен салқын ауа райы күтіледі және негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, 3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 аязға дейін төмендейді.